жоғары
ресми ақпараттық
порталы
Қарағанды -3°C
«Ақпаратқа қол жеткізу туралы» ҚР Заңы cайттың ең маңызды бөлімдері
Виртуалдық қабылдау бөлмесі

Жаңалықтар

Назад
Әкімнің іс сапарлары
10 Қаңтар 2020

Қарағанды облысының жолдарында 11 адам құтқарылды

Фото: karaganda-region.gov.kz

9 қаңтарда Жаңаарқа ауданында сағат 03:30-да Қызылорда-Павлодар жолының 726 шақырымында құтқарушылар ақаулы жеңіл көліктен 5 адамды эвакуациялап, Атасу кентіне жеткізді, олардың 3-і балалар.
Біраз уақыттан кейін сағат 09:25-те Қызылорда-Павлодар тас жолының 723-ші шақырымында «Актубек» трассалық медициналық-құтқару бекетінің күштерімен техникалық жарамсыз көліктен 6 адамды құтқарылды. Олар Ақтүбек кентіне жеткізілді.
Құтқарылғандарға медициналық көмек қажет болмады.
Қарағанды облысының Төтенше жағдайлар департаменті жүргізушілерге көліктің жарамдылығын мұқият тексеру және жолдардың жағдайы туралы ақпаратты бақылау керектігін ескертеді. Дауылды ескерту алған кезде, әсіресе түнгі уақытта және ауа-райы нашарлаған кезде, әсіресе жас балалармен, елді мекендерден тыс жерлерге және ұзақ қашықтыққа шығудан бас тартуға ұсынылады. Ауа-райының өзгеруіне сәйкес киіну қажет. Қоғамдық көліктердің және дизельді қозғалтқыштағы автомобильдердің иелері мен жүргізушілеріне қауіпсіздік шараларына ерекше назар аударамыз.

Қарағанды облысы ТЖД баспасөз қызметі 



Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауы 2 қыркүйек 2019
Қазақстан республикасы президентінің ресми сайты
Қазақстан 2050 Мәңгілік ел
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі
Пайдалы сілтемелер
Сайт картасы