жоғары
ресми ақпараттық
порталы
Қарағанды -3°C
«Ақпаратқа қол жеткізу туралы» ҚР Заңы cайттың ең маңызды бөлімдері
Виртуалдық қабылдау бөлмесі

Жаңалықтар

Назад
Әкімнің іс сапарлары
10 Қаңтар 2020

Қарағанды облысында жастардың рухани тәрбиесіне арналған ірі пікір-сайыс турнирі басталды

Фото: karaganda-region.gov.kz

Облыстың барлық қалалық және ауылдық білім беру ұйымдарында бір уақытта "Сарыарқа саңлағы" жастар жобасы іске қосылды. Оның аясында тұрақты дебаттық турнирлер мен пікірталас алаңдарының циклі жоспарланған.
Жоба «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында өткізіліп, рухани-адамгершілік дамуға, білім сабақтастығы мен жаңа ұрпақтың патриотизмін тәрбиелеуге бағытталған. Ол Абай, Әл-Фараби және басқа да көрнекті ойшылдардың рухани мұрасын сақтауға және танымал етуге ықпал етеді. Дебаттық турнир ақын және ағартушы Абай Құнанбаевтың 175 жылдығына арналды. ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев «Абай және ХХІ ғасырдағы Қазақстан» атты мақаласында хабарлағандай, 2020 жылы елімізде мерейтойға арналған 500-ден астам іс-шара өтеді.
Ауқымды дебаттық турнирлер идеясын Қарағанды облысының әкімдігі қолдады. Шараны үш басқарма: білім, ішкі және жастар саясаты ұйымдастырды.
Жоба Жезқазғанда бастау алды. Мұнда облыстық дебаттық турнирдің бірінші кезеңі өтті. Шешендер шеберлігіне төрт мектеп командасы қатысты.
Жоба қатысушыларын облыс әкімінің орынбасары Абзал Нүкенов құттықтады. Ол көбірек кітап оқуға және туындылардың мағынасына терең бойлауға шақырды.
- Ұлы Әл-Фараби айтқандай, тәрбиесіз білім беру қауіпті, - деп атап өтті Абзал Нүкенов. - Тәрбие - бұл мәдениет, дұрыс ойлау. Сіздер ойлаған нәрсе арманға айналады. Арман жүзеге асыруға ұмтылатын мақсат болады. Бірақ сіздер түбінде өз өмірлеріңге қол жеткізесіздер. Жас кезінде алған білім-бұл әр түрлі өмірлік жағдайларда көмектесетін қанаттар іспетиес. Көбірек оқыңыздар, ойлар басыңыздан ғана емес, жүректен де өту үшін оқылған мағынаға тереңірек бойлаңыздар. Ұлы Абай өзінің қара сөздерінде: "Сен де бір кірпіш дүниеге, кетігін тап та бар қалан" деп жазды. Сонымен, сіздерге, жастарға, шынайы мақсаттарыңызды табуды тілеймін.
Жыл бойы жобаның үш кезеңі қарастырылған. Дебаттар тоқсан сайын облыстың барлық қалалары мен кенттерінің жалпы білім беретін мектептері мен жоғары оқу орындарында өткізіледі. Екінші кезеңнің қорытындысы бойынша аймақтық турнирлердің үздік жеңімпаздары – командалар Қарағанды қаласына қорытынды жарысқа қатысу үшін келеді. Ұйымдастырушылар хабарлағандай, турнирдің үшінші кезеңінде теледебаттар ұйымдастырылады. Финалда тең дәрежеде оқушылар мен студенттер жарысады. Ауызша дуэльдерді құзыретті қазылар алқасы - өнер, білім және ғылым саласындағы сарапшылар бағалайды.
Ойын тақырыбын мерекелерді ескере отырып, ұйымдастыру комитеті бекітеді. Бағдарлама жыл сайын айтулы даталарды атап өтуді ескере отырып, өзгеретін болады.
2020 жылға келесі тақырыптар бекітілді:
- Адамгершілік және рухани тазалық;
- Білім, ілім және тәрбие;
- Жалқаулық пен ысырапшылдық;
- Әділдік және шындық;
- Қамқорлық және қайырымдылық;
- Кәсіп пен біліктілік;
- Азамат және қоғам;
- Ұлт және мемлекет;
- Аға мен іні және Ұстаз бен шәкірт (немесе Ұрпақаралық сабақтастық).
 



Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауы 2 қыркүйек 2019
Қазақстан республикасы президентінің ресми сайты
Қазақстан 2050 Мәңгілік ел
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі
Пайдалы сілтемелер
Сайт картасы