жоғары
ресми ақпараттық
порталы
Қарағанды -9°C
«Ақпаратқа қол жеткізу туралы» ҚР Заңы cайттың ең маңызды бөлімдері
Виртуалдық қабылдау бөлмесі

Жаңалықтар

Назад
Әкімнің іс сапарлары
13 Желтоқсан 2019

Қарағанды облысында лифтілерді қалпына келтіру бойынша ауқымды бағдарлама іске қосылды

Фото: karaganda-region.gov.kz

Қарағандыда Майқұдық шағын ауданында көпқабатты үйлердің бірінде қалпына келтірілген лифті таныстырылды. Бұл – облыстағы лифт шаруашылығын қайта құру бойынша пилоттық жобаның «алғашқы қарлығашы». Жиырма жыл бұрын жабдықтары істен шыққан үйлерде жаңа лифтілер пайда болады. Көп жылғы проблеманы шешу үшін Қарағанды облысының әкімдігі Қазақстандық ТКШ жаңғырту және дамыту орталығымен меморандумға қол қойды.
- Сіздерге лифті жаңа бағдарлама аясында өзгертілді. Егер адамдар келіссе, біз жұмыс істемейтін лифттерді тез қалпына келтіруге дайынбыз. Сіздердің үйлеріңіз – алғашқы нысан. Келесі жылы бұл бастаманы белсенді түрде жалғастырамыз. Тек Қарағанды бойынша 100 лифтіні қалпына келтіруді жоспарлап отырмыз, оның 70-і Октябрь ауданында орналасқан. Жалпы, тексеріс нәтижелері бойынша облыс бойынша көпқабатты үйлерде жұмыс істемейтін 361 лифт анықталды. Бұған қоса қызмет ету мерзімінен асып кеткен 800 лифттер жұмыс істеуде, - деді облыс әкімі Жеңіс Қасымбек Майқұдық шағын ауданындағы көпқабатты үйдің тұрғындарына. – Яғни алда әлі ауқымды жұмыс бар. Бұған дейін жылына он шақыт лифтілер ғана жөндеуден өтетін. Біз қарқынымызды тездетуді көздеп отырмыз.
Желтоқсан айының соңына дейін Қарағандыда тағы 9 лифт орнатылады, деп хабарлады қала әкімі Нұрлан Әубәкіров.
Қарағанды облысының тұрғын үй қорын жаңғырту орталығының директоры Данияр Дүйсембаевтың айтуынша, лифттерді қалпына келтіру жұмыстары сегіз жыл бойы жүргізіліп келеді.
- Жыл сайын 4-тен 8-ге дейін лифт ауыстырылды. Әрине, бұл өте аз. Проблема ауқымды. Облыс әкімінің бастамасымен республикалық орталықпен меморандумға қол қойылды. Бұл елдегі осындай ауқымдағы алғашқы пилоттық жоба. Орталық Қарағанды облысының қалаларында лифттерді қалпына келтіруге 2 млрд теңге көлемінде қарыз береді. Бірінші траншты біз алдық, - деп атап өтті Данияр Дүйсембаев.
Келісім-шарттар үш жыл бойы көп қабатты үйлердегі жұмыс істемейтін лифттерді қалпына келтіруге мүмкіндік береді. Бағдарлама тек облыс орталығына ғана емес, сондай-ақ басқа да моно және шағын қалаларға да қатысты.
- Біздің үйде лифт көп жылдан бері жұмыс істемеді. Мен 7-ші қабатта тұрамын. Осы жылдар аралығында әрдайым жаяу көтерілдік. Әрине, тұрғындардың барлығын аралап шығып, лифт орнатуға келісім берулерін өтінуге тура келді. Бірақ нәтижесі жақсы. Лифт қалпына келтірілді. Барлық көршілер өте қуанышты, - дейді «Восток-3» ықшамауданының 20-шы үйінің тұрғыны Дулат Баймағамбетов.
Тұрғындар жабдықтың техникалық параметрлері мен маркасын өздері таңдайды. Қарағандылықтар белоруссиялық өндірістің лифтілерін баға мен сапасына қарай отырып таңдады.
Орташа есеппен алғанда бір лифт 8 млн теңгеге шығады. Пәтер иелері несиені 8 жыл ішінде қайтаратын болады. Бір пәтерден ай сайынғы төлем көлемі баспанасының ауданына байланысты 3 мыңнан 5 мың теңгеге дейін болады.
Бір лифтті орнату үшін бір айдан астам уақыт қажет. Ескі жабдықты бөлшектеу, шахтаны тазалау және дайындауға осынша уақыт кетеді. Нормативтік пайдалану мерзімі – 25 жыл және өндіруші үш жыл кепілдік береді.
 



Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауы 2 қыркүйек 2019
Қазақстан республикасы президентінің ресми сайты
Қазақстан 2050 Мәңгілік ел
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі
Пайдалы сілтемелер
Сайт картасы