жоғары
ресми ақпараттық
порталы
Қарағанды -5°C
«Ақпаратқа қол жеткізу туралы» ҚР Заңы cайттың ең маңызды бөлімдері
Виртуалдық қабылдау бөлмесі

Жаңалықтар

Назад
Әкімнің іс сапарлары
13 Желтоқсан 2019

Ресейлік скрипкашы Айлен Притчин қарағандылық симфониялық оркестрмен бірлесіп өнер көрсетеді

Фото: karaganda-region.gov.kz

14 желтоқсанда «Шалқыма» концерт залында Е. Рахмадиев атындағы симфониялық оркестрінің концерті өтеді. Концерт 17.00 басталады.
Концерт бағдарламасында – Г. Берлиоздың «Ғажайып симфониясы» және Й. Брамстың скрипкасы бар оркестрге арналған концерті.
Солист – халықаралық байқаулардың лауреаты Айлен Притчин.
Дирижер – Бүкілресейлік байқаудың лауреаты Петр Грибанов.

Айлен Притчин – Мәскеу консерваториясының түлегі, Эдуард Грач сыныбының тәрбиеленушісі – өз буынының ең жарқын ресейлік скрипкашыларының бірі. Халықаралық байқаулардың жеңімпазы. Венадағы Крейслер Фриц және Мәскеудегі Давид Ойстрах атындағы халықаралық байқаулардың жеңімпазы. 2011 жылы П. И. Чайковский атындағы Халықаралық байқауда қазылар алқасының арнайы жүлдесін алды және Познаньда өткен Генрик Венявский атындағы скрипкашылар халықаралық байқауының лауреаты атанды. 2014 жылы Париждегі Маргерит Лонг, Жака Тибо және Режин Креспен атындағы халықаралық байқаудың Гран-приін жеңіп алды. 2019 жылы П. И. Чайковский атындағы Халықаралық байқауда музыкалық сыншылар Қауымдастығының «Әртістік шеберлігі және бағдараламалар әсемдігі үшін» атты IV сыйлық және арнайы сыйлығын алды.
Болгарияда, Германияда, Австрияда, Швейцарияда, Францияда, Италияда, Нидерландыда, Польшада, Израильде, Жапонияда және Вьетнамда гастрольде болды. Мәскеу мемлекеттік консерваториясының Үлкен залында концерт берді. П. И. Чайковский атындағы концерт залында, Венадағы Концертхауста, Амстердамдағы Консертгебау, Зальцбургтегі Моцартеумде және Париждегі Елисей алаңындағы театрда өнер көрсеткен.
Шостаковичтің, Вайнберг және Равельдің Лукас Генюшас және Александр Бузловпен фортепианолық триосымен «3x3: Live» альбомын жазды. Сондай-ақ, дискографиясында – Стравинский, Чайковский және Десятников (Лукас Генюшаспен) және Прокофьев (Юрий Фаворинмен) музыкасы бар альбомдар бар.

Анықтама телефондары: 41-13-14 және 41-22-30.
 



Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауы 2 қыркүйек 2019
Қазақстан республикасы президентінің ресми сайты
Қазақстан 2050 Мәңгілік ел
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі
Пайдалы сілтемелер
Сайт картасы