жоғары
ресми ақпараттық
порталы
Қарағанды -5°C
«Ақпаратқа қол жеткізу туралы» ҚР Заңы cайттың ең маңызды бөлімдері
Виртуалдық қабылдау бөлмесі

Жаңалықтар

Назад
Әкімнің іс сапарлары
13 Желтоқсан 2019

Қарағандыда жас офицерлер балы өтті

Фото: karaganda-region.gov.kz

Қарағандыда дәстүрлі жас офицерлер балы өтті. Биылғы жылы оған 19 жұп шақырылды. Би кешіне Қарағанды облысы полиция департаментінің, ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Қарағанды облысы бойынша департаментінің, Қарағанды облысының Төтенше жағдайлар департаментінің, облыстық прокуратураның, ҚР ІІМ Қарағанды академиясының, ҚР Ұлттық ұланының «Астана» және «Орталық» өңірлік қолбасшылығының қызметкерлері қатысты.

Жас офицерлер балы Тәуелсіздік күніне арналды және биыл 13 рет өткізіліп отыр.
Қатысушылар кәсіби хореографтармен айналыса отырып, салтанатқа үш апта дайындалды.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, мұндай шаралар қазақстандық патриотизмді қалыптастыруға ықпал етеді, жастар арасындағы әскери мамандықтардың беделін арттыруға көмектеседі және қатысушыларды өзін-өзі дамытуға ынталандырады.

Салтанатты рәсімде офицерлерге дипломдар мен естелік сыйлықтар табыс етілді.

Балды Қарағанды облысының Жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқармасы, Облыстық жастар ресурстық орталығы және «Жас Отан» жастар қанаты ұйымдастырды.

 



Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауы 2 қыркүйек 2019
Қазақстан республикасы президентінің ресми сайты
Қазақстан 2050 Мәңгілік ел
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі
Пайдалы сілтемелер
Сайт картасы