жоғары
ресми ақпараттық
порталы
Қарағанды -15°C
«Ақпаратқа қол жеткізу туралы» ҚР Заңы cайттың ең маңызды бөлімдері
Виртуалдық қабылдау бөлмесі

Жаңалықтар

Назад
Әкімнің іс сапарлары
03 Желтоқсан 2019

Қарағанды облысында өрт қауіпсіздігі күні өтті

Фото: karaganda-region.gov.kz

Қарағанды облысында қараша айында ТЖД қызметкерлері ауқымды түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Жеке сектор тұрғындарына өздерін және жақындарын тұншықтырғыш газдан қалай қорғау керектігін, жылыту маусымында қайғылы жағдайды болдырмау керектігі туралы айтылды.

Осы алдын алу акциясының соңында 30 қараша Өрт қауіпсіздігі күні болып жарияланды. Қарағанды облысының ТЖД және оның бөлімшелерінің қызметкерлері облыстың барлық өңірлерінде өрт қауіпсіздігі бойынша алдын алу рейдтерін ұйымдастырды.

Осындай рейдтердің бірі Долинка кентінде өткізілді. Оған ТЖД 70 қызметкері мен Қызыл Жарты Ай қоғамының еріктілері қатысты. Кент тұрғындарына жылыту маусымында пеш жабдықтарын қалай дұрыс пайдалану керектігі туралы айтылды. Рейд қатысушылары пештерді қарап шығып, ақауларды тапса, оларды қалай жоюға болатынын түсіндірді.
Кент әкімдігінің көмегімен көп балалы отбасылар тұратын үйлерде тұншықтырғыш газ датчиктері орнатылды.

Облыс бойынша өрт қауіпсіздігі күні 2500-ге жуық ауланы аралау жұмысы ұйымдастырылды. Өрт қауіпсіздігі шараларына 6750 адам оқытылды. Тұрғындарға 5000 жадынама таратылды.

Қарағанды облысы ТЖД баспасөз қызметінің ақпараты бойынша 



Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауы 2 қыркүйек 2019
Қазақстан республикасы президентінің ресми сайты
Қазақстан 2050 Мәңгілік ел
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі
Пайдалы сілтемелер
Сайт картасы