жоғары
ресми ақпараттық
порталы
Қарағанды -15°C
«Ақпаратқа қол жеткізу туралы» ҚР Заңы cайттың ең маңызды бөлімдері
Виртуалдық қабылдау бөлмесі

Жаңалықтар

Назад
Әкімнің іс сапарлары
03 Желтоқсан 2019

Отандық және шетелдік ғалымдар Теміртауда өткен конференцияда білім беруді трансформациялау мәселелерін талқылады

Фото: karaganda-region.gov.kz

Теміртауда «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында «Білім беру трансформациясы: мазмұны, технологиялары, сапасы» атты республикалық ғылыми-әдістемелік конференция ұйымдастырылды. Іс-шара Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күніне орайластырылды. Қарағанды мемлекеттік индустриялық университетінде Қазақстан, Қырғызстан және Украина ғалымдары бас қосты.
Конференцияның мақсаты – білім беруді трансформациялау үрдістері мен перспективаларын анықтау бойынша тәжірибе алмасу, білім беру сапасын дамыту үшін оқытудың заманауи технологиялары мен үздік тәжірибелерін анықтау, жоғары оқу орындары арасындағы ғылыми және серіктестік байланыстарды дамыту.
«Саналы ұрпақ» республикалық жобалау кеңсесінің басшысы Қайыржан Тоқышев «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру – сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілікті тәрбиелеу факторы» тақырыбында баяндама жасады.
Конференция қатысушылары жоғары білім берудегі сабақтастықты талқылады. Ғалым-металлург, Қарағанды металлургия институтының бұрынғы ректоры Нариман Ішмұхамедовтың жетістіктерін атап өтті. Биыл ғылым мен техниканың еңбек сіңірген қайраткері 90 жасқа толар еді. 20 жылға жуық уақытын ол өнеркәсіптің ең маңызды салаларының бірі үшін кадрлар даярлайтын оқу ордасын басқарды, жақын және алыс шетелдердің оқу орындарымен тығыз ынтымақтастықты жолға қойды. Ғалымның ғылыми еңбектері бүгінгі күні де өзектілігін жоғалтпаған.
- Біздің университет цифрлық дәуірде жұмыс істейтін индустрия үшін жоғары білікті мамандарды даярлауға бағытталған. Сондықтан инновациялық шешімдерді енгізу және білім беруді трансформациялау бойынша әріптестердің тәжірибесі өте қызықты, - деді ҚМИУ ректоры Бақыт Жәутіков.
Пленарлық отырыстан кейін конференция жұмысы келесі секцияларда жалғасты: «академиялық үдерістерге үздік тәжірибелерді имплементациялау», «білім мен ғылымның сандық трансформациясы», «парасаттылық идеологиясының превентивті тәсілдері және университеттердің үшінші миссиясы», «іскерлік ағылшын және мәдениетаралық коммуникация».
Конференция қорытындысы бойынша Қарар қабылданды. Құжат әдістемелік жұмысты жетілдіруге, инновациялық білім беру технологияларын енгізуге бағытталған.
Конференция аясында Cisco трансұлттық компаниясы (АҚШ) мен Қазақ инфокоммуникация академиясы қамқорлығымен CISCO STARS-2019 халықаралық олимпиадасының қорытынды кезеңінің ашылуы өтті. ҚМИУ Қарағанды облысындағы Cisco академиясының өкілетті өкілі болып табылады.
 



Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауы 2 қыркүйек 2019
Қазақстан республикасы президентінің ресми сайты
Қазақстан 2050 Мәңгілік ел
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі
Пайдалы сілтемелер
Сайт картасы