Қарағандыда «Жасыл Ел» еңбек маусымының қорытындысы шығарылды

Қарағандыда «Жасыл Ел» студенттік құрылыс және жастар еңбек жасақтарының ХV еңбек маусымының салтанатты жабылу рәсімі болып өтті.
Биыл «Жасыл Елде» 2000-ға жуық адам жұмыс істеді.
- Олар гүлзарлар мен саябақтарды көгалдандыру, аумақтарды санитарлық тазалау жұмыстарына қатысты, - деді Қарағанды облысының жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқармасының басшысы Нұржан Жетпісбаев.
Оның айтуынша, «Жасыл Ел» қатысушылары осы маусымда 3,5 мың ағаш отырғызған. Табиғатты қорғау бойынша 30-ға жуық іс-шаралар өткізілді
Ең үздік спортшылар дипломдармен және сыйлықтармен марапатталды.
«Жасыл Ел» жастар еңбек жасақтары 2005 жылы Тұңғыш Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен құрылды. 16-29 жас аралығындағы кез келген адам «Жасыл Ел» жауынгері бола алады. «Жасыл Ел» қызметінің басты мақсаты - жастарды жұмысқа орналастыруға жәрдемдесу, қазақстандық патриотизмді, азаматтықты және жастардың белсенділігін дамыту.