жоғары
ресми ақпараттық
порталы
Қарағанды -15°C
«Ақпаратқа қол жеткізу туралы» ҚР Заңы cайттың ең маңызды бөлімдері
Виртуалдық қабылдау бөлмесі

Жаңалықтар

Назад
Әкімнің іс сапарлары
30 Қараша 2019

Қарағанды ЕЭА дамуына екі министрлік көмектеседі

Фото: karaganda-region.gov.kz

Қарағанды облысында ҚР Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді бастаған делегация болып қайтты. Өңірге "Сарыарқа"арнайы экономикалық аймағының аумағына шетелдік инвесторларды тарту бойынша қолдау көрсетілетін болады. Бұл аумақта машина жасауға басымдылық берілмек.
Делегация бірқатар кәсіпорындардың қызметімен танысты. Ең алдымен оларды шетелдік капиталдың қатысуымен жүзеге асырылатын жобалар қызықтырды.
делегация мүшелерінің қатысуымен жиналыс өтті. Онда ЕЭА қызметінің нәтижелері мен оны дамыту мүмкіндіктері талқыға салдынды. Кездесу аймақты бірлесіп дамыту туралы төрт жақты келісімге қол қоюмен аяқталды. Құжатқа Қарағанды облысының әкімдігі, Сыртқы істер және Индустрия және инфрақұрылымдық даму секіллі екі министрлік, сондай – ақ Қазақстан машина жасау одағы қол қойды.
- Қарағанды ЕЭА әлеуеті бар екенін өздеріңіз көрдіңіз. Бүгін аумақтың шамамен 69%-ы толтырылған. Жаңа жобаларды іске асыруға арналған бос алаңдар бар. Идеялар да жеткілікті. Ең бастысы, бізде жаңа өндірісте жұмыс істеуге дайын білікті мамандар бар, - деді аймақ басшысы Жеңіс Қасымбек. - Бүгінгі таңда ЕЭА әртүрлі. Бірақ негізінен бұл металлургия саласы болмақ. Біз машина жасау саласын дамыту үшін жан-жақты қолдау көрсетуге дайынбыз.
"Сарыарқа" ЕЭА аумағында 15 қатысушы тіркелген. 7 жоба іске асырылды, тағы 8 жоба іске асырылу барысында. Салынған инвестиция көлемі 90 млрд теңгеден асты. Жаңа өндірістер құру үшін жобалар мен әлеуетті тауашалар пулы анықталды. Ең бастысы - дайын инфрақұрылым, әлеуетті инвесторлар үшін жеңілдіктер мен преференциялар кешені қарастырылған.
Мұхтар Тілеуберді Қарағанды ЕЭА Қазақстан Президентінің Германияға ресми сапары кезінде неміс бизнесмендеріне таныстырылмақ. Ол жоспар желтоқсан айының басына белгіленген.
- Сапарлары барысында Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Елбасы салған дәстүрді жалғастырып келеді. Мемлекет басшысы түрлі елдердің бизнес капиталдарымен үнемі кездесіп отырады, - деп атап өтті министр. - Біз "Сарыарқа" ЕЭА неміс инвесторларына не ұсына алатынын көру үшін арнайы келдік. Мұнда шетелдік инвестицияларды тарту үшін жақсы жағдай жасалған. Жұмыс істеп тұрған кәсіпорындардың нәтижелері мен жақсы мысалдары бар. Біз осы ЕЭА-да машина жасаудың дамуы үшін осындай тренд белгілегіміз келеді.
Оның айтуынша, СІМ шетелдік инвесторлар мен серіктестерді іздеу үшін барлық жағдайды жасайды. Келісім инвестиция тарту және технологиялар трансферті бойынша бірлескен жұмысты қарастырады.
- Қарағанды облысы машина жасаудың әлеуетті кластері болып табылады. Біз ЕЭА дамытуда күш-жігерді біріктіру, атап айтқанда, осы саладағы жобаларды ілгерілету туралы келістік. Инвесторларды қосу, жаңа өндірістер құру қажет. Өздеріңіз білетіндей, биылғы жылдың маусым айында 2019-2024 жылдарға арналған машина жасауды дамытудың Жол картасы Үкімет деңгейінде бекітілді, - деп атап өтті Қазақстан машина жасаушылар одағының басқарма төрағасы Мейрам Пішембаев.
"Сарыарқа" ЕЭА 2011 жылдың қараша айында ҚР Президентінің Жарлығымен құрылған және шамамен 600 га аумақты алып жатыр. 



Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауы 2 қыркүйек 2019
Қазақстан республикасы президентінің ресми сайты
Қазақстан 2050 Мәңгілік ел
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі
Пайдалы сілтемелер
Сайт картасы