жоғары
ресми ақпараттық
порталы
Қарағанды -15°C
«Ақпаратқа қол жеткізу туралы» ҚР Заңы cайттың ең маңызды бөлімдері
Виртуалдық қабылдау бөлмесі

Жаңалықтар

Назад
Әкімнің іс сапарлары
29 Қараша 2019

Қарағанды облысында жаңа денсаулық сақтау нысандары ашылады

Фото: karaganda-region.gov.kz

Қарағанды облысындағы медицина – кәсіпкерлер өз ақшаларын белсенді жұмсайтын салалардың бірі болып табылады. Жыл басынан бері инвестиция ағыны 1 млрд 736 миллион теңгені құрады. Соның арқасында еліміздің ең үлкен аймағында жаңа денсаулық сақтау нысандары ашылуда.

Мысалы, бүгінде Қарағанды мен Сәтпаев қалаларында отбасылық денсаулық орталығы мен гемодиализ орталығы ашылды. Бұл екі нысан МЖӘ жобасы аясында салынған.
- Біздің емханада жұмыс қарқынды, халық саны да ауқымды. Барлығы 82 мың адам тіркелген. Пациенттерге дәрігердің қабылдауын ұзақ күтуге тура келді, адамдар наразылық білдіреді. Бұл мәселені шешу үшін филиал аштық. Оған емханадан 25 мың адам тіркелген. Бұл пациенттердің өздері үшін де ыңғайлы, себебі оларға кезекте отырудың қажеті жоқ, және дәрігерлердің де жүктемесі азайды, - дейді «Қарағанды қаласының №3 емханасы» КМК директоры Сәния Боранқұлова.
Жаңа отбасылық денсаулық орталығы заманауи жабдықтармен – УДЗ, ФГДС аппаратымен, портативті электрокардиографтармен және жаңа буын дефибрилляторларымен жабдықталған. Жүкті әйелдер мен балаларға қызмет көрсету үшін бөлек есігі бар арнайы бөлімше бар. Сонымен қатар ғимаратта 20 төсектік күндізгі стационар орналасқан. Цифрландыру да енгізілді. Әрбір кабинетте QR-коды бар тақтайшалар бар. Олар емделушілерге нақты маманның қабылдау кестесін табуға және смартфонның көмегімен онлайн режимде кеңес алуға мүмкіндік береді. Ғимаратта жеке кіретін есігі бар ана мен баланы қорғау орталығы жұмыс істейді. Мұнда жүкті әйелдер мен балаларды қабылдайтын болады.
Сәтпаев қаласындағы №1 орталық қалалық аурухана базасында Гемодиализ орталығы ашылды. Оның ашылуын жергілікті халық көптен күткен болатын. Бұрын емделушілерге Жезқазған гемодиализ орталығына баруға тура келді.
– Гемодиализ орталығының ашылуы – бұл Сәтпаев қаласы үшін мемлекеттік-жеке меншік әріптестік аясында жүзеге асырылған өте маңызды және сұранысқа ие жоба. Аталмыш орталықты алмастырушы бүйрек терапиясын қажет ететін 35 пациент асыға күтті. Орталықта барлық қажетті жабдықтар бар, - деді қала әкімі Асқар Ыдырысов.
Қарағанды облысында тек осы жылы ғана МЖС аясында төрт жаңа емхана, екі консультативтік-диагностикалық орталық және кардиооңалту орталығы ашылды. 2020 жылға арналған екі емхана ашу және тағы бір емхана салуды бастау жоспары бар. Барлық медициналық нысандар қалалардың халқы қалың елді мекендерінде орналасқан.
 



Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауы 2 қыркүйек 2019
Қазақстан республикасы президентінің ресми сайты
Қазақстан 2050 Мәңгілік ел
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі
Пайдалы сілтемелер
Сайт картасы