жоғары
ресми ақпараттық
порталы
Қарағанды -4°C
«Ақпаратқа қол жеткізу туралы» ҚР Заңы cайттың ең маңызды бөлімдері
Виртуалдық қабылдау бөлмесі

Жаңалықтар

Назад
Әкімнің іс сапарлары
25 Қараша 2019

Қарағанды облысының командасы «Ақберен» республикалық байқауында 1 орынға ие болды

Фото: karaganda-region.gov.kz

Көкшетауда Қазақ әдебиеті мен музыкалық импровизация бойынша «Ақберен» VI республикалық байқауы өтті. Оған еліміздің әр аймағынан 100-ден астам оқушы қатысты.

Байқау бірнеше номинация бойынша өтті: «Ақындар айтысы», «Көркемсөз оқу», «Ақындар мүшайрасы», «Эссе жазу», «Ұлттық аспапта ойнау» және «Шешендік өнер». Қатысушылар шешендік өнер, ұлттық аспапта ойнау, поэзия бойынша сайысқа түсті. Қазылар алқасы ақындар айтысын, көркем сөз бен эсселерді бағалады.

Нәтижесінде Қарағанды облысының командасы І командалық орынды иеленіп, ауыспалы кубокпен марапатталды.
Теміртау қаласының № 5 орта мектебінің оқушысы Әлихан Ерғалиев «Ақындар айтысы» номинациясы бойынша бірінші орынды иеленді.
Жаңаарқа ауданы Б. Амалбеков атындағы орта мектебінің оқушысы Мәди Пазыл «Көркемсөз оқу» номинациясы бойынша бірінші орынға ие болды.
«Дарын» ОМИ оқушысы Асқар Мағжан «Ақындар мүшайрасы» номинациясы бойынша екінші орынға ие болды.
«Эссе жазу» номинациясы бойынша үшінші орынды Жамбыл атындағы ОМИ оқушысы Ақтоты Әбдіқахорова иеленді.
«Ұлттық аспапта ойнау» номинациясы бойынша үшінші орынды Сәтпаев қаласының №1 мектеп-гимназиясының оқушысы Ильяс Байғозиев жеңіп алды.
«Шешендік өнер» номинациясы бойынша Жезқазған қаласының №10 орта мектебінің оқушысы Дильнара Әбдімұратова дипломмен марапатталды.

Байқау шарты бойынша әдеби-музыкалық дода жеңімпаз атанған аймақта өткізіледі. Сондықтан келесі жылы «Ақберен» Қарағанды облысында өткізілмек.

 



Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауы 2 қыркүйек 2019
Қазақстан республикасы президентінің ресми сайты
Қазақстан 2050 Мәңгілік ел
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі
Пайдалы сілтемелер
Сайт картасы