жоғары
ресми ақпараттық
порталы
Қарағанды -4°C
«Ақпаратқа қол жеткізу туралы» ҚР Заңы cайттың ең маңызды бөлімдері
Виртуалдық қабылдау бөлмесі

Жаңалықтар

Назад
Әкімнің іс сапарлары
25 Қараша 2019

Қарағандыда тегін "Стартап мектебі" жұмыс істейді

Фото: karaganda-region.gov.kz

Қарағандыда IT-технологиялар саласында стартаптарды ашу және алға жылжыту бойынша тегін курстар өтеді. Жас кәсіпкерлерге Astana Hub сарапшысы Айвар Құрманов дәріс оқиды.
Startup Sapary бағдарламасы аясында Қарағандыда Astana Hub мамандары IT саласындағы идеялары бар барлық жас кәсіпкерлер үшін «Стартап мектебі» атты тегін қарқынды курсын өткізуде
Дәрістермен және семинарлармен жоба мүшелері Петропавл, Атырау, Қызылорда, Түркістан, Орал, Қостанай, Тараз және Көкшетау қалаларында болып қайтты. Жалпы технопарк командасы 17 облыс орталығына баруды жоспарлап отыр.
Мамандар стартаптың классикалық бизнестен айырмашылығы туралы айтып, сандық технологиялар әлемінде олардың артықшылықтары мен қазіргі заманғы трендтерін талқылайды.
Қатысушыларға ІТ-стартаптардың Astana Hub халықаралық технопаркінің қызметі, мүмкіндіктері және оның табысты жобалары туралы баяндайды.
- Қазір біз өңірлердегі стартап мәдениетті дамытудағы алғашқы қадамдарымызды бастаймыз. Біз әрбір өңірлік хабты қолдап, олармен тығыз ынтымақтастықта боламыз. Astana Hub тәжірибе алмасуға дайын және әдістеме мен білім беру бағдарламаларын өңірлерге тарату жұмыстарын жүргізетін болады, - деді Astana Hub Сommunity және Өңірлік даму департаментінің директоры Азат Әлиасқар.
Қарағандыда курс екі күнге созылады – 25 және 26 қарашада. Барлық қатысушыларға сертификаттар табыс етіледі.
Бұдан әрі технопарк командасы Өскемен және Павлодар қалаларына дәріс оқиды.
 



Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауы 2 қыркүйек 2019
Қазақстан республикасы президентінің ресми сайты
Қазақстан 2050 Мәңгілік ел
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі
Пайдалы сілтемелер
Сайт картасы