жоғары
ресми ақпараттық
порталы
Қарағанды -6°C
«Ақпаратқа қол жеткізу туралы» ҚР Заңы cайттың ең маңызды бөлімдері
Виртуалдық қабылдау бөлмесі

Жаңалықтар

Назад
Әкімнің іс сапарлары
25 Қараша 2019

Жеңіс Қасымбек жұмыс сапарымен Ақтоғай ауданында болды

Фото: karaganda-region.gov.kz

Жеңіс Қасымбек Ақтоғай ауданының әлеуметтік-экономикалық дамуымен танысты. Аймаққа жұмыс сапары барысында облыс әкімі бірқатар нысандарды аралап, халықпен кездесті. Аудан тұрғындар ең маңызды мәселелер туралы айтып, Балқаш қаласына қарай баратын жол учаскесін соңына дейін жөндеуді өтінді.

Жеңіс Қасымбек Ақтоғай-Балқаш жолының ұзындығы 211 шақырымды құрайтынын хабарлады. Жол толығымен дерлік жөнделіп, енді 50 шақырымы қалды. Жолдың бұл бөлігін екі жыл ішінде толық жасау жоспарланып отыр. Келесі жылы 25 шақырым жөндеуден өтеді. Жолдың қалған бөлігі 2021 жылы аяқталуы тиіс.

Басқа проблемалардың арасында байланыс тақырыбы да қозғалды. Ақтоғай ауданында 14 елді мекенде интернет жоқ, ал 9 елді мекенде ұялы байланыс жоқ. Аудан әкімі Салтанат Әбеуованың айтуынша, интернет аудан орталығы мен Сәуле ауылында желтоқсан айында қолжетімді болады.

- Қазір интернет пен байланыссыз өмірді елестету мүмкін емес. Бұл барлығына, оның ішінде оқушыларға, мұғалімдерге, дәрігерлерге қажет. "Қазақтелеком" өкілдерімен келіссөздер жүргіземіз және біз бұл мәселені шешеміз деп ойлаймын. Интернет пен байланыс мәселесін мен жеке бақылауға аламын, - деді Жеңіс Қасымбек.

Облыс басшысы кезекте тұрғандар үшін салынған жаңа үйлерді аралап көрді. Жыл соңына дейін Ақтоғай ауданында 18 пәтерлі 2 үй пайдалануға беріледі. Айтоғай ауданында тұрғын үй кезегінде 479 адам тұр. Біртіндеп бұл сан жаңа тұрғын үй құрылысы есебінен қысқарады деп жоспарлануда. Келесі жылы мұнда 10 бір пәтерлі үй салу жоспарлануда. Сондай-ақ, 16 пәтерлі тағы төрт үйге құжаттар дайын. Ал 2021 жылы жоспар бойынша жаңа тұрғын үй шағын ауданы пайда болуы тиіс.

Жергілікті билік облыс әкіміне әлеуметтік нысандарды, оның ішінде 30 жылдан астам уақыт бұрын салынған Сарытерек ауылындағы мектепті көрсетті. Онда 87 бала оқиды, 34 оқытушы жұмыс істейді. Жеңіс Қасымбектен жөндеу жұмыстарын жүргізуді қаржыландыруға көмектесуді сұрады.

Аудан әкімінің орынбасары Абылай Аманжоловтың айтуынша, Ақтоғай ауданында апатты жағдайдағы немесе үш ауысымды мектептер жоқ. Ауданның барлық 23 мектебінде шатыры, кейбір терезелері мен есіктері ауыстырылды. Бірақ проблемалар да бар. Алты аудан мектептерінде терезелерін ауыстыру керек, тағы бірнеше мектептерде кәріз және дәретханаларға қатысты мәселелерді шешу қажет.

- Біз "Ауыл - ел бесігі" бағдарламасы бойынша қаражат бөлуге өтініш бере аламыз. Осы қаражатқа мектептерде жөндеу жұмыстарын жүргізу керек, - деді Жеңіс Қасымбек.

Сонымен қатар, облыс әкімі ауданда шаруа қожалықтарына субсидия төлеу мәселесі бар екенін айтты. Бұл мәселені жақын арада шешу жоспарланып отыр. Облыстық бюджеттен барлық Қарағанды облысына бір миллиард теңге бөлінеді.
 



Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауы 2 қыркүйек 2019
Қазақстан республикасы президентінің ресми сайты
Қазақстан 2050 Мәңгілік ел
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі
Пайдалы сілтемелер
Сайт картасы