жоғары
ресми ақпараттық
порталы
Қарағанды -4°C
«Ақпаратқа қол жеткізу туралы» ҚР Заңы cайттың ең маңызды бөлімдері
Виртуалдық қабылдау бөлмесі

Жаңалықтар

Назад
Әкімнің іс сапарлары
25 Қараша 2019

Жеңіс Қасымбек Қарағанды қаласының проблемалық жерлерімен жүріп өтті

Фото: karaganda-region.gov.kz

Қарағанды облысының әкімі Жеңіс Қасымбек азаматтарды бірыңғай қабылдау күні кезінде қарағандылықтар атап өткен проблемалық жерлерді аралап шықты. Өңір басшысына облыс орталығының мұнай базасы ауданының жеке меншік секторының тұрғындары шағымданды. Көктемде халық еріген қар суының басып кету проблемасымен бетпе-бет келеді. Сондықтан да жұмыс сапар Құрманғазы көшесінен басталды.
Қарағанды қаласының әкімі Нұрлан Әубәкіровтің айтуынша, мұнда қар тазалау және суды сорып шығару арқылы су тасқынына қарсы іс-шаралар жүргізілуде, бірақ бұл көмектеспейді. Су бұру жүйесінің құрылысы қажет дейді қала басшысы.
Жеңіс Қасымбек тұрғындарды су басу проблемасынан арылту үшін жобалық-сметалық құжаттама әзірлеуді тапсырды. Қала билігі келесі жылға тиісті құжаттарды дайындауды бастауға уәде берді.
Облыс әкімі "Трилистник" тұрғын үй кешенінің құрылыс алаңында да болып қайтты. Белгілі болғандай, мұнда үшінші қабатты салу барысында үйлердің бірінде жарық пайда болған. Құрылыс компаниясында аталмыш олқылықты жобалаушылар мен мердігердің қателіктерімен түсіндірді. Құрылыс қазірдің өзінде компанияның есебінен қайта бұзылуда. Осыдан кейін үй жаңартылған жоба бойынша салынады.
Бұл жерде облыс әкіміне салынып жатқан басқа да проблемалық үйлер жөнінде де баяндалды. Мұнда негізінен көптен бері салынып жатқан "Шапағат" ТК және "Панель орталығы" шағын ауданындағы үйлер жайлы сөз қозғалды.
Қарағанды әкімінің орынбасары Рамазан Шалабековтың айтуынша, жаңа құрылыс компанияларын таңдау бойынша конкурстық рәсімдер басталды. Келесі жылы бұл үйлердің құрылысы аяқталуы тиіс және кезекте тұрғандар пәтер ала алады.
Жеңіс Қасымбек Күнгей шағын ауданының инженерлік желілерін дамыту бағдарламасын іске асыру туралы есеп тыңдады. Бұл жеке секторда 83 км су құбыры желілері салынды. Аталмыш жоба 10 мыңнан астам адамды сумен қамтамасыз етуге мүмкіндік берді. Желтоқсан айында электрмен жабдықтау желілерін жүргізу жұмыстарын бастау жоспарлануда.
Аймақ басшысы сондай-ақ "Энергосистемы ЭЛТО" ЖШС зауытында болып, жергілікті электротехникалық өнім өндірушілермен кездесті. Кәсіпорындар тауарлардың кең ассортиментін шығарады: жарықдиодты шамдар, жарықтандыру тіректері мен діңгектері, бағдаршам конструкциялары және т.б. Кешенде көшені жарықтандыруды автоматтандыру және басқарудың инновациялық жүйелері жүргізілуде.
Кездесу барысында отандық өндірісті қолдау мәселелері талқыланды. Кәсіпкерлердің айтуынша, қалалық және облыстық жобаларға тапсырыс берген жағдайда өндіріс көлемін арттыруға мүмкіндік бар.
- Заң мүмкіндік беретін салада біз жергілікті өндірушілердің өнімдерін қолданатын боламыз. Кластер құрып, нақты жол картасын әзірлейік, - деді Жеңіс Қасымбек.
Естеріңізге сала кетейік, азаматтарды бірыңғай қабылдау күні республика бойынша 21 қарашада өткен болатын. Қарағанды облысының әкіміне барлық өңірдің тұрғындарынан 100-ден астам сұрақ келіп түсті. Жеке сұрақтарымен қатар, тұрғын үй құрылысы, аулаларды абаттандыру, қоғамдық көлік, көшелерді жарықтандыру, жолдарды жөндеу тақырыптары қозғалды. 



Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауы 2 қыркүйек 2019
Қазақстан республикасы президентінің ресми сайты
Қазақстан 2050 Мәңгілік ел
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі
Пайдалы сілтемелер
Сайт картасы