жоғары
ресми ақпараттық
порталы
Қарағанды -6°C
«Ақпаратқа қол жеткізу туралы» ҚР Заңы cайттың ең маңызды бөлімдері
Виртуалдық қабылдау бөлмесі

Жаңалықтар

Назад
Әкімнің іс сапарлары
22 Қараша 2019

ҚР ІІМ Қарағанды академиясында республикалық дебат турнирі өтуде

Фото: karaganda-region.gov.kz

ҚР Ішкі істер министрінің кубогына арналған «Жастар және қоғамдық тәртіпсіздік» республикалық дебат турнирі Бейсенов атындағы ІІМ Қарағанды академиясында өтуде. Оған Қарағанды облысының, Ақтөбе мен Алматының әр түрлі жоғары оқу орындарынан 71 командасы қатысады.
Жеңіс үшін қатысушылар екі лигада: студенттік және мектеп лигасында күресетін болады. Олар өз көзқарасын қазақ, ағылшын және орыс тілдерінде қорғаулары тиіс.
Оқушылар Карл Поппер форматындағы дебатқа үш адамнан құралған командамен қатысады. Ал студенттер Линкольн-Дуглас және американдық парламенттік дебаттар форматы бойынша командада екі адамнан ой таластырады.
- Мен «Болашақ» бағдарламасының түлегімін, мен Лондонда оқыдым. Онда дебаттар өте танымал. Бұл студенттерді біріктірудің, жаңа идеялар мен шешімдерге келудің тамаша тәсілі. Мен Академияның базасында Қарағандыда ауқымды турнир өткізуді ұсындым. Мені көбісі қолдады. Ағылшын тілінде сөйлеуге дайын қатысушылар бар екені өте жақсы. Бұл біздің облыста үштілділік дамып келе жатқанын көрсетеді, - дейді турнир ұйымдастырушысы, ІІМ Қарағанды академиясының жоспарлау бөлімінің аға инспекторы Бағлан Айдаров.
Пікірталасқа арналған барлық тақырыптар ашық болады. Қатысушылар мектеп қауіпсіздігі, әлеуметтік желілердегі қауіпсіздік, қазіргі жастардың мәселелері және т.б. бойынша өз жобаларын әзірлеп, қорғайды.

Турнир үш күнге созылады. Жеңімпаздарды 24 қарашада жариялайды.
 



Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауы 2 қыркүйек 2019
Қазақстан республикасы президентінің ресми сайты
Қазақстан 2050 Мәңгілік ел
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі
Пайдалы сілтемелер
Сайт картасы