жоғары
ресми ақпараттық
порталы
Қарағанды -4°C
«Ақпаратқа қол жеткізу туралы» ҚР Заңы cайттың ең маңызды бөлімдері
Виртуалдық қабылдау бөлмесі

Жаңалықтар

Назад
Әкімнің іс сапарлары
22 Қараша 2019

Қарағанды облысында студенттерге бизнесті дамытуға мемлекеттік гранттарды қалай алуға болатыны туралы айтылады

Фото: karaganda-region.gov.kz

Қарағанды облысында бизнесті дамытуға мемлекеттік гранттарды қалай алуға және инвесторларды тартуға болатыны туралы студенттер мен жас ғалымдарға айтылуда. «Сарыарқа» ӘКК мен «Атамекен» кәсіпкерлер палатасыны өкілдері Қарағанды экономикалық университетінде және Қарағанды мемлекеттік индустриялық университетінде семинар-тренингтер өткізуде.
Іс-шараның мақсаты – дарынды жастарға өз идеяларын бизнеске айналдыру, инвесторларды тарту және ғылымды дамыту үшін мемлекеттік қолдау шараларын қолдану туралы айтып беру болып табылады.
- Мен тыңдаушыларға идеяның жалғыз өзі инвестор тұрғысынан ештеңе тұрмайтынын айтамын. Идеяларды сауатты жүзеге асыру үшін, оларды іске қосу үшін осыны түсіну өте маңызды. Сіздің ойларыңыз материалдық емес диние ретінде қалып қоймауы үшін оны іске асыру керек. Мысалы, патенттеу, барлық құжаттарды рәсімдеу, зертханалық зерттеулер жүргізу, өнеркәсіптік прототип жасау. Бұл ойлардың физикалық пішінін тапқан кезде инвестор автордың не істей алатынын, оның өнертабысы қалай жұмыс істейтінін, оның салымының құны мен алдағы уақытта өтелетінін түсінеді, - дейді «Сарыарқа» ӘКК-нің Инвестициялар және МЖӘ жобалары департаменті директорының орынбасары Дастан Қарымов
Ол өз сөзінде ғылым мен бизнестің қандай салаларында грант алуға болатындығына, қандай сомаға және оны қалай басқаруға болатындығына тоқталды.
Дәрістен кейін тыңдаушылар спикерлерге сұрақтар қойды. Оларды ауыл шаруашылық және экология салаларында мемлекеттік гранттар алу тетіктері, инвесторларды тарту және өз жобаларын әзірлеу тәсілдері қызықтырды. Студенттер мемлекеттік қолдау алу кезіндегі заң ерекшеліктері мен өз идеяларын жүзеге асыру барысында кездесетін қиындықтар туралы сұрады.
 



Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауы 2 қыркүйек 2019
Қазақстан республикасы президентінің ресми сайты
Қазақстан 2050 Мәңгілік ел
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі
Пайдалы сілтемелер
Сайт картасы