жоғары
ресми ақпараттық
порталы
Қарағанды -4°C
«Ақпаратқа қол жеткізу туралы» ҚР Заңы cайттың ең маңызды бөлімдері
Виртуалдық қабылдау бөлмесі

Жаңалықтар

Назад
Әкімнің іс сапарлары
21 Қараша 2019

ҚР Кәсіподақтар федерациясының төрағасы Ералы Тоғжанов жұмыс сапарымен Жезқазған қаласына барды

Фото: karaganda-region.gov.kz

19 және 20 қараша күндері ҚР Кәсіподақтар федерациясының төрағасы Ералы Тоғжанов Жезқазғанда болып қайтты. Жұмыс сапары аясында ол «Қазақмыс» корпорациясы» ЖШС тау-кен байыту кешенінің Шығыс Жезқазған кенішінің «Анненск» шахтасының кеншілерімен кездесті.

Ералы Тоғжанов жер астындағы 400 метрлік өтпелі кенжарға түсті. Онда ол жер асты тау-кен жұмысшыларымен әңгімелесіп, олардың еңбек жағдайларымен танысты. Еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғауға, сондай-ақ жазатайым оқиғалардың алдын алуға ерекше назар аударылды. Кеншілердің зейнеткерлік жасын төмендету мәселесі де назардан тыс қалған жоқ. Ералы Тоғжанов кәсіподақтар Федерациясы жақын арада тиісті ұсыныстарды Парламент пен Үкіметтің қарауына жіберетінін айтты.
ҚР КФ басшысы Жезқазғанның көп салалы ауруханасына барып, ұжыммен кездесті. Кездесуде денсаулық сақтау қызметкерлерінің әлеуметтік-еңбек құқықтарын қорғау мәселелері және отандық медицина мәселелері талқыланды. Ералы Тоғжанов кәсіподақтардың Денсаулық сақтау саласындағы әлеуметтік-еңбек қатынастарын дамытудағы міндеттері туралы айтып өтті.
- ҚР Кәсіптік одақтар федерациясы медицина қызметкерлерінің құқықтарын сақтау бойынша жағдайды мұқият қадағалайды және әлеуметтік әріптестермен бірлесе отырып, Қазақстан дәрігерлерінің құқықтық саладағы кәсіби қызметін қорғау құралдарын әзірлеуге белсенді қатысады, - деп сендірді ҚР КФ басшысы.
Бірінші кезекте шешілуі тиіс міндеттердің қатарында кадр тапшылығы, әсіресе ауылдық жерлердегі мамандардың жетіспеушілігі өзекті болып тұр. Сонымен қатар ауылға жұмыс істеуге келген жас дәрігерлерді қолдау жолдары да қарастырылуда.
- Облыстық және аудандық медициналық ұйымдарда сұранысқа ие жас мамандарды қолдау үшін ҚР Кәсіптік одақтар федерациясы «SENIM» салалық кәсіподағымен бірлесіп, қосымша ынталандыру төлемдері («көтерме») ретінде номиналды құны 500 000 теңге болатын сертификат бекітті», - деп атап өтті Ералы Тоғжанов.
Сол күні Ералы Тоғжанов Жезқазған Бизнес және көлік колледжінің оқытушылар құрамымен және студенттермен кездесті. Аталмыш оқу ордасында еңбек нарығында сұранысқа ие мамандықтар бойынша 771 адам оқиды. Кездесуде отандық білім беруді жаңғырту және педагогтарды әлеуметтік қолдау туралы сөз қозғалды.
- Кәсіптік одақтар мемлекеттік қолдауды күшейту және мұғалім еңбегін ынталандыру саласында елеулі шаралар қабылдады. Қоғамда мұғалім мәртебесін нығайтудың және тұрақты өсудің көрсеткіші Парламент Мәжілісінің қарауына енгізілген педагогтарды қолдау шараларын регламенттейтін «Педагог мәртебесі туралы» жаңа заң жобасы болып табылады. Педагогтардың әлеуметтік мүдделерін қорғай отырып, Кәсіподақтар осы құжатты әзірлеуге белсенді қатысты, - деді Ералы Тоғжанов.
Кәсіподақтардың алаңдаушылығын тудыратын проблемалардың бірі елдегі жастар жұмыссыздығының жоғары деңгейі болып табылады. Бүгінгі таңда Қазақстанда 15-28 жас аралығындағы жұмыссыздар саны 81 мың адамды құрайды.
Әлеуметтік серіктестермен бірге студенттердің уақытша жұмыспен қамтылуын ұйымдастыру және жастар еңбек қозғалысын дамыту бойынша шаралар қабылдануда. Осыған байланысты Ералы Тоғжанов оқу орнын «Мәңгілік Ел жастары: «Серпін-2050» мемлекеттік әлеуметтік жобасына белсенді тартудың маңыздылығын атап өтті.
Жұмыс сапары барысында ҚРКФ төрағасы Қарағанды облысының Кәсіподақ орталығы жанындағы «Келешек» жастар кеңесінің мүшелерімен кездесіп, Жезқазған маңындағы Жошы-хан кесенесіне барды.
ҚР Кәсіптік одақтар федерациясы баспасөз қызметінің ақпараты бойынша
 



Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауы 2 қыркүйек 2019
Қазақстан республикасы президентінің ресми сайты
Қазақстан 2050 Мәңгілік ел
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі
Пайдалы сілтемелер
Сайт картасы