жоғары
ресми ақпараттық
порталы
Қарағанды -4°C
«Ақпаратқа қол жеткізу туралы» ҚР Заңы cайттың ең маңызды бөлімдері
Виртуалдық қабылдау бөлмесі

Жаңалықтар

Назад
Әкімнің іс сапарлары
21 Қараша 2019

Қарағандыда «Күзгі блюз» көрмесі ашылды

Фото: karaganda-region.gov.kz

Қарағанды бейнелеу өнері мұражайында «Күзгі блюз» атты көрме ашылды. Онда Қарағанды көпсалалы гуманитарлық-техникалық колледжі студенттерінің жұмыстары ұсынылған.

Экспозицияда техникалық бөлім студенттерінің сәулет, дизайн, театр декорациясы өнерін зерттейтін шығармашылығы жинақталған.
- Бұл жерде біздің түлектер мен әлі де оқып жатқан студенттеріміздің жұмыстары ұсынылған. Көрмеде архитектуралық макеттерді, көркем және графикалық жұмыстарды, костюмдердің коллаждары мен эскиздерін көруге болады. Барлығы 40 жұмыс бар, - дейді колледж директорының орынбасары Алена Павлюк.
Көрме облыстық бейнелеу өнері мұражайында екінші рет өткізіліп отыр, Алена Павлюктің айтуынша, болашақта бұл дәстүрге айналуы мүмкін. Бұрын ол колледж базасында және сәулетшілер үйінде ұйымдастырылған болатын.
Көрменің қақ ортасында үш дипломдық жоба келтірілген: Жастардың бос уақыты орталығы, Суретшілер үйі және Көрме павильоны бар. Олардың барлығы Қарағандыда студенттер таңдаған нақты учаскелер үшін құрылған. Көрмеде тұрғын үйлердің макеттері да бар.
- Мен көрмеде «Идея» атты өз жұмысымды таныстырдым. Алан Мурдың «V– Вендетта» графикалық романының кейіпкерлерімен шабыттандым. Онда қыз бейнеленген. Ал «V» - бұл революционер және ол жалын арқылы бұл қызды тартып алады. Ол өз идеясын, яғни ол адам емес, идея, философия береді, - дейді дизайн бөлімінің 4 курс студенті Андрей Балашев.
Жалпы көрме кәсіби дайындық деңгейін ғана емес, сонымен қатар жастардың қала мен елдің жаңа эстетикалық кеңістігін құруға деген ықыласын да көрсетеді.
«Күзгі блюз» көрмесі 3 желтоқсанға дейін жалғасады.
 



Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауы 2 қыркүйек 2019
Қазақстан республикасы президентінің ресми сайты
Қазақстан 2050 Мәңгілік ел
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі
Пайдалы сілтемелер
Сайт картасы