жоғары
ресми ақпараттық
порталы
Қарағанды -5°C
«Ақпаратқа қол жеткізу туралы» ҚР Заңы cайттың ең маңызды бөлімдері
Виртуалдық қабылдау бөлмесі

Жаңалықтар

Назад
Әкімнің іс сапарлары
20 Қараша 2019

Қарағандыда Дүниежүзілік балалар күні аталып өтті

Фото: karaganda-region.gov.kz

 

Қарағандылық полицейлер Дүниежүзілік балалар күніне орай қайырымдылық акциясын өткізді. Тәртіп сақшылары «Құлыншақ» балалар үйінің тәрбиеленушілерін құттықтап, оларға сыйлықтар табыс етті.
- Дендеріңіз сау және бақытты болыңыздар. Сіздерге жақсы, адал достар мен ертегідегідей ғажайып оқиғалар болғанын тілейміз. Қуаныш, салауатты өмірге қызығушылық, білімге ұмтылыстарыңыз зор болсын дегім келеді. Жақсы оқып, спортпен айналысыңыздар. Әрбір бала жердегі қамқорлық пен сүйіспеншілікке бөленсін, - деді Қарағанды облысы полиция департаменті бастығының орынбасары Қайыркен Әлиев.
Полиция қызметкерлері балалар үйінің тәрбиеленушілеріне робототехника құрастырулары мен тәттілер сыйға тартты. Балалар үйінің тәрбиеленушілері қонақтарға мерекелік концерт ұйымдастырды. Жас әншілер мен бишілер Қ. Байжанов атындағы концерттік бірлестіктің әртістерімен бірге өнер көрсетті.
Дүниежүзілік балалар күні 1954 жылы БҰҰ Бас Ассамблеясының қарарымен бекітілген. Жыл сайынғы мереке 20 қарашада атап өтіледі. Бұл күні 1959 жылы Бала құқығы декларациясы, ал 1989 жылы Бала құқығы конвенциясы қабылданды.


Қарағанды облысы полиция департаментінің баспасөз қызметінің ақпараты бойынша


 



Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауы 2 қыркүйек 2019
Қазақстан республикасы президентінің ресми сайты
Қазақстан 2050 Мәңгілік ел
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі
Пайдалы сілтемелер
Сайт картасы