жоғары
ресми ақпараттық
порталы
Қарағанды -5°C
«Ақпаратқа қол жеткізу туралы» ҚР Заңы cайттың ең маңызды бөлімдері
Виртуалдық қабылдау бөлмесі

Жаңалықтар

Назад
Әкімнің іс сапарлары
20 Қараша 2019

Қарағандыда Ақыт қажы Үлімжіұлы шығармаларының жинағы таныстырылды

Фото: karaganda-region.gov.kz


Қарағандыда Қазақстанда алғаш рет Қытайда тұратын қазақ ақыны Ақыт қажы Үлімжіұлы шығармаларының жинағы таныстырылды. 4 томдық басылымға оның барлық шығармалары кірді.

- Жинақта 3000-ға жуық бет бар. Оған Ақыт қажы Үлімжіұлының барлық шығармалары, сондай-ақ ол туралы ғылыми мақалалар мен естеліктер кірді. Ақыт қажы – қазақ ақыны, жазушы, аудармашы, философ, этнограф. Бірақ Қазақстанда ол туралы аз біледі. Сондықтан мен жинақтың құрастырушыларының бірі ретінде оны бүгін осында таныстырып отырғаныма қуаныштымын. Ақынның барлық шығармаларын біз Қытайдағы этникалық қазақтардан естідік, осы өлеңдерді жинап, жазып алдық. Өз шығармаларында ол әлеуметтік және рухани тақырыптарды көтерді, қоғам мәселелері, қазақ халқының салт-дәстүрлері және көптеген басқа да мәселелер туралы әңгімеледі. Сондай-ақ, ол Абайдың өлеңдерін насихаттаған, - дейді Қазақстан Жазушылар Одағының мүшесі, ақын, жазушы Болат Боқайұлы.
Жинақтың тұсаукесері Дүниежүзілік қазақтар қауымдастығы Қарағанды филиалының, Ақыт қажы атындағы мешіттің және «Қоғамдық келісім» ММ қолдауымен ұйымдастырылды. Іс-шара «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында өтті.
- Біздің қауымдастықтың міндеті – бүкіл әлемдегі этникалық қазақтарға қолдау көрсету, Отанына көшкендерге көмек көрсету, сондай-ақ қазақ халқының мәдениеті мен әдебиетін насихаттау болып табылады. Бұл жолы біз жинақ авторларын қолдауға шешім қабылдадық және кітаптың тұсаукесерін ұйымдастырдық. Қазақстанда басылым алғаш рет ұсынылған. Біз бұл кітап туралы бүкіл республика бойынша білгіміз келеді, - дейді Дүниежүзі қазақтары қауымдастығы Қарағанды филиалының басшысы Меруерт Башайқызы.
Ақыт Үлімжіұлы Қарымсақов — (Алтай Ақыты) - қазақ ақыны, дін қайраткері. ХІХ ғасырдың екінші жартысында және ХХ ғасырдың бірінші жартысында (1866, Шонжы, ҚХР-1940, Үрімші қаласы) өмір сүрген және өзінен кейін үлкен шығармашылық мұра қалдырған. Ол ауылдық молладан сауатын ашып, білім алған. Араб, парсы, түрік, орыс, моңғол тілдерін меңгерген. 1907 жылы Меккеге қажылық жасаған. 1912 жылы керей руының қадиі (мұсылмандардың діни соты) болған; мешіт пен медресе салған. 1939 жылы Гоминьдан Үкіметімен тұтқындалды. Ақыттың кітаптары өртелді, мешіт бұзылды, ал Ақыттың өзі 1940 жылы түрмеде өлтірілді.
Қытайда Ақыт қажы Үлімжіұлының поэзиясы ұзақ жылдар бойы тыйым салынған болатын. Оның шығармалары «мәдени революциядан» кейін ғана шығарыла бастады.
1891-1914 жылдары Петербург және Қазан қалаларында Ақыттың «Жиһанша», «Ахиретбаян», «Сәйпилмүлік — Жамал», «Әият гакидия», «Сейтбаттал Ғазы», «Ишан Махмұд» кітаптарын шығарған.
Ақыт қажы Абайдың ізбасарларының бірі болған.
 



Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауы 2 қыркүйек 2019
Қазақстан республикасы президентінің ресми сайты
Қазақстан 2050 Мәңгілік ел
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі
Пайдалы сілтемелер
Сайт картасы