жоғары
ресми ақпараттық
порталы
Қарағанды -5°C
«Ақпаратқа қол жеткізу туралы» ҚР Заңы cайттың ең маңызды бөлімдері
Виртуалдық қабылдау бөлмесі

Жаңалықтар

Назад
Әкімнің іс сапарлары
20 Қараша 2019

Қарағандыда 2020 жылы өрт сөндіру-құтқару спорты бойынша әлем чемпионатын өткізуге дайындық басталды

Фото: karaganda-region.gov.kz

Қарағандыда 2020 жылы өрт сөндіру-құтқару спорты бойынша әлем чемпионаты өтеді. Жарыс 31 тамыздан 6 қыркүйекке дейін өтеді. Әлемнің 20-дан астам елінен 400-ден астам спортшы мен делегаттар қатысады деп күтілуде.
Әлемдік біріншілікке дайындық басталды. Ұйымдастырушылық мәселелерін талқылау үшін Қарағандыда Халықаралық спорт федерациясының өрт сөндірушілер мен құтқарушылар конференциясы ұйымдастырылды. Кездесуге Австрия, Беларусь, Ресей, Латвия, Сенегал, Өзбекстан және т. б. 16 мемлекеттің өкілдері келді.
- Қазақстан Ресей Федерациясынан өрт сөндіру-құтқару спорты бойынша әлем чемпионатын өткізу эстафетасын қабылдағанын білесіздер. Биыл жарыс Саратовта өткізілді. Қарағандыда Әлем чемпионатын өткізу туралы шешім қабылданды. Бұл кездейсоқ емес. Мұнда спорттық инфрақұрылым дамыған. Көптеген нысандар әлемдік стандарттарға жауап береді және бізге халықаралық жарыстар өткізуге мүмкіндік береді, - деді ҚР Ішкі істер министрінің орынбасары Юрий Ильин.
Қарағанды облысының әкімі Жеңіс Қасымбек әлемдік біріншіліктің «Шахтер» стадионында өтетінін хабарлады. Алаңды халықаралық стандарттарға толық келтіру үшін жөндеу жұмыстары жоспарланып отыр.
- Өрт сөндіру-құтқару спорты бойынша әлем чемпионатына қатысушыларды қабылдау біз үшін үлкен құрмет пен жауапкершілік. Қарағанды облысының халықаралық жарыстарды өткізу тәжірибесі бар. Біз 2020 жылғы спорттық шара жоғары деңгейде өтіп, тарихқа із қалдыруы үшін бар күш-жігерімізді жұмсаймыз, - деп атап өтті аймақ басшысы. – Біз нақты іс-шаралар жоспарын бекіттік. Дайындықпен айналысатын жұмыс тобы құрылды. Мен бұл процесті жеке бақылаймын.
Конференцияға қатысушыларды Халықаралық өрт сөндірушілер мен құтқарушылар спорт федерациясының басшылары: президент Александр Чуприян, атқарушы комитеттің директоры Андрей Калинин қарсы алды.
Халықаралық конференция екі күнге созылады: 20-21 қараша. Федерация 2019 жылдың қорытындысын шығарады және келесі жылға арналған жоспарларды келіседі. Алдағы жарыстардың ережелері бекітіледі.

Конференцияға қатысушылар «Шахтер» стадионының инфрақұрылымымен танысады.
Қарағандыда өрт сөндіру-құтқару спорты бойынша ерлер арасындағы XVI әлем чемпионаты және әйелдер арасындағы VII әлем чемпионаты өтеді. Бағдарлама оқу мұнарасының 4-қабатының терезесіне шабуыл сатысымен көтерілу, кедергілердің 100 метрлік жолағын еңсеру, жауынгерлік қанат жаю және 4-тен 100 метрден өрт сөндіру эстафетасын қамтиды.
Қазақстан екінші рет осы чемпионаттың өткізілетін орны болып сайланады. 2014 жылы әлем біріншілігінің қатысушыларын Алматы қаласы қабылдады.
Өрт-қолданбалы спорт 1937 жылы КСРО-да пайда болды және кейін Еуропада тарады.
 



Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауы 2 қыркүйек 2019
Қазақстан республикасы президентінің ресми сайты
Қазақстан 2050 Мәңгілік ел
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі
Пайдалы сілтемелер
Сайт картасы