жоғары
ресми ақпараттық
порталы
Қарағанды -4°C
«Ақпаратқа қол жеткізу туралы» ҚР Заңы cайттың ең маңызды бөлімдері
Виртуалдық қабылдау бөлмесі

Жаңалықтар

Назад
Әкімнің іс сапарлары
20 Қараша 2019

Қарағандыда облыстық имамдар форумы өтті

Фото: karaganda-region.gov.kz

Қарағандыда имамдардың ІІІ облыстық форумы өтті. Аталмыш шара екі жылда бір рет өткізіледі.

Форумға қатысушылар Достық үйінде жиналды. Олардың арасында ҚМДБ төрағасының бірінші орынбасары, «Әзірет Сұлтан» республикалық мешітінің бас имамы Наурызбай Өтпенов, Қарағанды облысының бас имамы Өмірзақ Бекқожа, облыстың барлық өңірлерінен келген имамдар болды. Форум жұмысына облыс әкімінің орынбасары Абзал Нүкенов, Қарағанды қалалық мәслихатының хатшысы Құдайберген Бексұлтанов, ақсақалдар мен жастар қатысты.
- Мен бүгінгі форум өте маңызды деп есептеймін. Жаңа технологиялар дамыған заманда, интернет арқылы көптеген жағымсыз ақпарат жылдам тарайтынын ескерсек, имамдардың адамдардың өмірінде атқаратын рөлі зор екенін атап өткім келеді. Олар үлкен жұмыс атқаруда. Бірақ өңірлерде көптеген проблемалар мен міндеттер әлі бар. Осы форумда қабылданған талқылаулар, пікірлер, идеялар мен шешімдер үлкен қызығушылық тудырады деп сенемін, - деді облыс әкімінің орынбасары Абзал Нүкенов форумның ашылуында.
Қатысушылар 23 қазанда Нұр-Сұлтан қаласында өткен ІІІ Республикалық имамдар форумында қабылданған құжаттарды талқылады. Аталмыш құжаттарды Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы (ҚМДБ) мен Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі дайындады.
- Республикалық форумнан кейін еліміздің өңірлерінде облыстық форумдар өткізіледі. Олардың басты мақсаты – имамдарға қабылданған құжаттар туралы айту. Келешекте имамдар жергілікті халықпен түсіндіру әңгімелерін жүргізулері тиіс. Егер біз, әсіресе, жастар өздеріміздің негізгі рухани тіректерімізді білсек, еліміздің болашағы жарқын болады, - дейді ҚМДБ төрағасының бірінші орынбасары Наурызбай Өтпенов.
Имамдардың республикалық форумында атап өтілгендей, мұндай құжаттар елімізде алғаш рет қабылданады. Бұл діни түсініктерді, рәсімдер мен міндеттерді бірыңғай түсіну мен түсіндіру қажеттілігінен туындайды.
«Жеті рухани тірек» мұсылмандардың рухани платформасында Қазақстандағы исламның дамуының өзіндік жолын айқындайтын негізгі рухани құндылықтар мен бағдарлар бекітіледі: адамгершілік, патриотизм, білім, бірлік, еңбекқорлық, мәдениет және әділдік. Құжат арқылы осы негізгі ұғымдардың мағынасы егжей-тегжейлі түсіндіріледі.
«Діни қызметшілер орындайтын діни жоралар тізілімі» азаматтарға діни қызметшілердің діни жораларды қалай орындауы керектігі туралы толық түсінік береді. Бұл ретте әрбір рухани қызметші өзінің лауазымдық мәртебесіне байланысты белгілі бір діни рәсімдер мен салттарды орындай алады.
Мұндай реттеу діни рәсімдерді дұрыс орындауға қатысты халық арасындағы даулар мен келіспеушіліктерді шешуге көмектеседі. Бұл құжатта 45 діни әдет-ғұрып толық түсіндірілді.
Тізілімде әрбір мұсылманның туған сәтінен бастап өлгенге дейін барлық негізгі құдайға құлшылық ету талаптары қамтылған. Атап айтқанда, намаз, бата беру, азан, Жұма намаздары, Рамазан, зекет, қажылық, намаз, Құрбан айт, неке қию, жаназа және т.б. діни іс-шаралары.
«Діни қызметкерлердің лауазымдық міндеттері» және «Діни лауазымдар тізілімі» құжаттарында діни қызметке жауапты аудандық, қалалық, облыстық және республикалық деңгейдегі имамдардан бастап институт, медресе және медресе-колледж директорларына дейін барлық діни қызметкерлерге арналған лауазымдық міндеттер мен біліктілік талаптары айқын көрсетілген.
 



Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауы 2 қыркүйек 2019
Қазақстан республикасы президентінің ресми сайты
Қазақстан 2050 Мәңгілік ел
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі
Пайдалы сілтемелер
Сайт картасы