жоғары
ресми ақпараттық
порталы
Қарағанды -5°C
«Ақпаратқа қол жеткізу туралы» ҚР Заңы cайттың ең маңызды бөлімдері
Виртуалдық қабылдау бөлмесі

Жаңалықтар

Назад
Әкімнің іс сапарлары
20 Қараша 2019

Қарағанды облысында міндетті медициналық сақтандыру жүйесіне өз бетінше жұмыспен айналысушылар қатыса бастады

Фото: karaganda-region.gov.kz

Өз бетінше жұмыспен айналысушылар Қарағанды облысының міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесіне қатыса бастады. Бұл туралы «Міндетті медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ Қарағанды облыстық филиалының баспасөз қызметі хабарлады.
2019 жылы бірыңғай жиынтық төлемді төлегендердің саны өткен жылдың қыркүйегімен салыстырғанда 18%-ға өсті. Бұл төлемдер оларға медициналық сақтандыруды, яғни медициналық қызметтердің кеңейтілген пакетін алуға мүмкіндік береді.
- Бірыңғай жиынтық төлемді төлеу арқылы азаматтар медициналық сақтандыру жүйесінің қатысушысы ғана емес, басқа да жүйелердің қатусушысы болады. Бұл соманың тек 40% -ы медициналық сақтандыру Қорына, тағы 30% -ы зейнетақы жарналарына, 20% -ы әлеуметтік сақтандыруға және 10% -ы жеке табыс салығын төлеуге кетеді. Яғни, БЖТ төлеушісінің еңбек өтілі есептеледі, сонымен қатар ол әлеуметтік сақтандыру мен медициналық сақтандыруға қатысады, - деп түсіндірді медсақтандыру Қоры Қарағанды филиалының бас сарапшысы Жанар Ракишева.
Еске сала кетейік, БЖТ – бала күтушілер, репетиторлар, фрилансерлер, табыс табатын адамдар, хенд – мейд өнімдерін немесе қосалқы шаруашылықтан азық-түлікті сату сияқты өзін-өзі жұмыспен қамтыған адамдарға арналған медициналық сақтандыру жүйесіне қатысудың бір нұсқасы. Бірыңғай жиынтық төлем мөлшері облыстық маңызы бар қалалар үшін - 2525 теңге және қалған елді мекендер үшін - 0,5 АЕК-1263 теңгені құрайды.
 



Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауы 2 қыркүйек 2019
Қазақстан республикасы президентінің ресми сайты
Қазақстан 2050 Мәңгілік ел
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі
Пайдалы сілтемелер
Сайт картасы