жоғары
ресми ақпараттық
порталы
Қарағанды -5°C
«Ақпаратқа қол жеткізу туралы» ҚР Заңы cайттың ең маңызды бөлімдері
Виртуалдық қабылдау бөлмесі

Жаңалықтар

Назад
Әкімнің іс сапарлары
19 Қараша 2019

Жеңіс Қасымбек жеке сұрақтар бойынша азаматтарды қабылдады

Фото: karaganda-region.gov.kz

Қарағанды облысының әкімі Жеңіс Қасымбек жеке мәселелері бойынша азаматтарды қабылдады.

Облыс әкімінің қабылдауына әртүрлі әлеуметтік санаттағы адамдар келді. Олардың қатарында көп балалы аналар мен кәсіпкерлер де болды. Мәселелер тұрғын үй, жұмысқа орналасу, инфрақұрылымға, сондай-ақ сот дауларына қатысты болды. Кейбір өтінім берушілер Қаражал, Сәтбаев секілді алыс қалалардан да келді.
Жеңіс Қасымбек әр жағдайды егжей-тегжейлі қарастырды. Түйіткілді мәселелердің шешілуін жеделдету мақсатында қабылдауға сол салалардың мамандары болып, сол жерде қажетті түсініктемелер берді.
Мысалы, қарағандылық қоғам қайраткері Бейбіт Жұмабеков Бобруйская көшесіндегі үйлердегі жылудың көп жылдық проблемасының шешімін іздеуде. Бұрын тұрғын үй секторы автокомбинаттың қазандығынан жылытылған болатын. Кәсіпорын жабылған соң тұрғындар дербес қазандықтар мен пәтерлеріне «буржуйкаларға» көшуге мәжбүр болды.
Қарағанды қаласының әкімі Нұрлан Әубәкіров айтып өткендей, мәселе шешілу сатысында. Оның айтуынша, 2020 жылы «Нұрлы Жол» бағдарламасы бойынша жылу магистралінің құрылысына қаржы бөлу жоспарлануда. Бұл мақсатқа шамамен 1,5 млрд теңге қажет. Жобалық-сметалық құжаттама әзірленіп, мемлекеттік сараптамадан өтуде, деп хабарлады қала басшысы.
Жеңіс Қасымбек жағдайды жеке бақылауда ұстауға уәде берді.
Абай қаласынан келген кәсіпкер Нұрхан Жұмабеков тігін өндірісі үшін энергия қуатын арттыруда монополист тарапынан болған кедергілерге шағымданды.
- Инфрақұрылым бойынша шешеміз, көмектесеміз. Мен шағын және орта бизнеске жетекшілік ететін орынбасарыма қызмет көрсетушімен бірге нұсқаны табу үшін тапсырма бердім, - деді облыс әкімі.
Қабылдау барысында айтылған бірде-бір өтініш назардан тыс қалған жоқ. Әр мәселе бойынша облыс әкімі тапсырма берді.
 



Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауы 2 қыркүйек 2019
Қазақстан республикасы президентінің ресми сайты
Қазақстан 2050 Мәңгілік ел
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі
Пайдалы сілтемелер
Сайт картасы