жоғары
ресми ақпараттық
порталы
Қарағанды -4°C
«Ақпаратқа қол жеткізу туралы» ҚР Заңы cайттың ең маңызды бөлімдері
Виртуалдық қабылдау бөлмесі

Жаңалықтар

Назад
Әкімнің іс сапарлары
19 Қараша 2019

Оңтүстік Кореяда өткен самбодан Әлем чемпионатында қарағандылықтар екі медаль жеңіп алды

Фото: karaganda-region.gov.kz

Қарағандылықтар самбодан Әлем чемпионатының қола жүлдегері атанды. Ол Оңтүстік Кореяның Чхонджу қаласында өтті. Спорттық додаға 80 елден 510 спортшы қатысты.
Қарағанды облысынан ұлттық құрама сапында 62 келі салмақ дәрежесінде Рахат Жаңаниет және 64 келі салмақ дәрежесінде Ажар Салықова өнер көрсетті.
Жеребе тастау қорытындысы бойынша Рахат Жаңаниет армянин Максим Манукянмен және итальяндық Махаэль Расомен топқа түсті. Жарыс қорытындысы бойынша қарағандылықтар үшінші орынға ие болды.
23 жасар Ажар Салықова бірінші жекпе-жекте Нидерландыдан келген Зоэ Клюндерді жеңді. Финалға шығу үшін тартыста қарағандылық спортшы Ресей спортшысы Екатерина Оноприенкоға есе жіберіп алды. Қола медаль үшін қорытынды тартыста Ажар украиндық Алена Сайконы жеңіп шықты.
Біздің спортшылар сондай-ақ халықаралық дәрежедегі спорт шебері атағына нормативтерді орындады.
Жалпы есепте Қазақстан құрамасы төрт күміс және бес қола медаль жеңіп алды.


 



Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауы 2 қыркүйек 2019
Қазақстан республикасы президентінің ресми сайты
Қазақстан 2050 Мәңгілік ел
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі
Пайдалы сілтемелер
Сайт картасы