жоғары
ресми ақпараттық
порталы
Қарағанды -4°C
«Ақпаратқа қол жеткізу туралы» ҚР Заңы cайттың ең маңызды бөлімдері
Виртуалдық қабылдау бөлмесі

Жаңалықтар

Назад
Әкімнің іс сапарлары
19 Қараша 2019

Мобилді ХҚО-лар шалғайдағы ауыл тұрғындарына 14 мыңға жуық мемлекеттік қызмет көрсетті

Фото: karaganda-region.gov.kz

Қарағанды облысының аумағында 7 мобилді ХҚО жұмыс істейді. Ағымдағы жылдың 10 айы ішінде 14 мыңға жуық мемлекеттік қызмет көрсете отырып, алыстағы ауылдық жерлерге шығып, 535 шығуды жүзеге асырды. Алғаш рет мобилді ХҚО-лар 2011 жылы мемлекеттік қызмет қолжетімділігін арттыру үшін іске қосылған болатын. Мобилді ХҚО-лар іске қосылғанға дейін шалғайдағы ауылдық елді мекендердің тұрғындары қажетті қызметтерді алу үшін, жүздеген километр жердегі аудан орталықтарына баруға мәжбүр болды.
Айтылмыш кезеңде шалғайдағы ауылдық пункттердің тұрғындары 13 893 мемлекеттік қызмет алды.
Жеті ауданның арасында, ең көп қызмет түрлерін алғандар Шет, Жаңаарқа және Нұра аудандарының тұрғындары болды.
Естеріңізде болса, мобилді ХҚО-лар шығуды бекітілген шығу кестесінің негізінде жүзеге асырады.
Мобилді ХҚО шығу кестесімен Қарағанды облысы әкімінің және аудандық әкімнің сайтынан, сонымен бірге «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының сайтынан танысуға болады.
 



Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауы 2 қыркүйек 2019
Қазақстан республикасы президентінің ресми сайты
Қазақстан 2050 Мәңгілік ел
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі
Пайдалы сілтемелер
Сайт картасы