жоғары
ресми ақпараттық
порталы
Қарағанды -8°C
«Ақпаратқа қол жеткізу туралы» ҚР Заңы cайттың ең маңызды бөлімдері
Виртуалдық қабылдау бөлмесі

Жаңалықтар

Назад
Әкімнің іс сапарлары
12 Қараша 2019

Қарағанды облысының Экономика басқармасының жаңа басшысы тағайындалды

Фото: karaganda-region.gov.kz

Экономика басқармасының жаңа басшысы Азамат Мұқанов болды. Бұрын ол Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Кадр жұмысы департаментінің директоры қызметін атқарды.

Азамат Мұқанов 1976 жылы Қарағанды облысының Ақтау кентінде дүниеге келген.
1997 жылы Е. А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетін «Маркетинг және коммерция» мамандығы бойынша бітірген. Кәсіби бухгалтер және мемлекеттік аудитор сертификаттары бар.

Еңбек жолын 1997 жылы Астанадағы «Валют-Транзит Банк» ААҚ сауда операциялары басқармасының маманы болып бастаған. Сол жылы Өңірлік даму басқармасының маманына дейін көтерілді.
1998 жылы «Валют-Транзит Банк» ААҚ бастығының Павлодар облысы ЕКҚК-мен жұмыс жүргізуді жөніндегі департаментін дамыту бойынша орынбасары болды.
2000 жылы «Глобал Маркетинг групп» ЖШС Сауда өкілі болып жұмыс істеді.
2002 жылы “BELONEX STEEL TRADING" ЖШС директоры болды.
2006 жылы "НАПЕКО" ЖШС директоры қызметін атқарды.
2009 жылы Мемлекеттік қызметке Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің Бұқаралық ақпарат құралдарымен министрдің қызметін қамтамасыз ету және байланыс басқармасының бастығы қызметіне түсті.
2009-2012 жылдар аралығында Қарағанды облысы әкімі аппараты басшысының орынбасары қызметін атқарды.
2012 жылдан 2013 жылға дейін «Қарағанды облысының экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы» ММ бастығы болды.
2014-2016 жылдар аралығында Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі ішкі бақылау басқармасының басшысы қызметін атқарды.
2016 жылдан бастап 2019 жылға дейін Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінде әртүрлі лауазымдарды атқарды.
Қазіргі тағайындалғанға дейін Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Кадр жұмысы департаментінің директоры болып жұмыс істеді.

 



Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауы 2 қыркүйек 2019
Қазақстан республикасы президентінің ресми сайты
Қазақстан 2050 Мәңгілік ел
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі
Пайдалы сілтемелер
Сайт картасы