жоғары
ресми ақпараттық
порталы
Қарағанды -11°C
«Ақпаратқа қол жеткізу туралы» ҚР Заңы cайттың ең маңызды бөлімдері
Виртуалдық қабылдау бөлмесі

Жаңалықтар

Назад
Әкімнің іс сапарлары
08 Қараша 2019

98 қарағандылықтар «Қазақстанның 100 жаңа есімдері» жобасына қатысуға өтінім берді

Фото: karaganda-region.gov.kz

«Қазақстанның 100 жаңа есімдері» ұлттық жобасының ресми сайтында 5 қарашада он-лайн дауыс беру басталды. Халық таңдауы арқылы жеңімпаздар анықталады.
Естеріңізге сала кетейік, «Қазақстанның 100 жаңа есімдері» жобасы «Рухани Жаңғыру» бағдарламасы аясында іске қосылды. Оның мақсаты – адами капитал мен бәсекеге қабілеттілікті дамыту идеяларын ілгерілету. Жобаның үшінші маусымы жас қазақстандықтардың жетістіктеріне арналады.
Қарағанды облысынан 98 үміткер ұсынылды. «Спорт» номинациясы бойынша өтінімдер саны - 36. Екінші орында «Мәдениет» (20), үшінші орында «қоғам» (17). «Білім беру» номинациясында үшінші маусымда 11 қарағандылық, «денсаулық сақтау» - 6, «Бизнесте» - 8 қарағандылықтар қатысады.
Үміткерлер қатарында белгілі спортшылар: Афиныдағы ХХVIII жазғы Олимпиада ойындарының қола жүлдегері (2007 ж.) Серік Елеуов; конькиші Станислав Палкин – жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионы (Польша, 2015 ж.), 2018 жылғы Пхенчандегі Қысқы Олимпиада ойындарының қатысушысы (Корея, 2018 ж.); боксшы Абылайхан Жүсіпов – жастар арасындағы әлем чемпионы (2013 ж.), 2016 жылғы Олимпиада ойындарының қатысушысы, 2019 жылғы әлем чемпионатының қола жүлдегері; еліміздегі жалғыз бүркітші қыз Мақпал Әбдіразақова; ҚР Еңбек сіңірген жаттықтырушысы Иван Снегуров; жүзу бойынша II жазғы Параазиялық ойындардың екі дүркін күміс жүлдегері Людмила Бурдина және т. б.
Өз саласында жетістікке жеткен жас дәрігерлер, мұғалімдер мен ғалымдар: медицина ғылымдарының докторы, профессор, жоғары санатты хирург Айдын Нұрбеков; тифлопедагог-новатор Станислав Фалежинский; Отбасылық дәрігер Аманжол Абдрахманов; Геология және пайдалы қазбаларды барлау саласындағы зерттеуші Әлия Маусымбаева өтініш берді.
Қарағанды әртістері мен журналистері де үміткерлер тізімінде бар: Дина Заитова, Анна Беспалова, Дарья Пивень, Еркебұлан Ахметов, Павел Кондратьев, Виталий Несипбаев, Алмас Мұсабеков, Николай Кравец және т. б.
Үміткерлердің толық тізімімен мына сілтеме бойынша танысуға болады https://100janaesim.ruh.kz . Дәл осы платформада дауыс беру жүріп жатыр.
Жерлестеріміздің қолдайық!
Жеңімпаз бүкіл елден жобаға қатысушылар арасында ең көп дауыс саны бойынша анықталады.
 



Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауы 2 қыркүйек 2019
Қазақстан республикасы президентінің ресми сайты
Қазақстан 2050 Мәңгілік ел
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі
Пайдалы сілтемелер
Сайт картасы