жоғары
ресми ақпараттық
порталы
Қарағанды 0°C
«Ақпаратқа қол жеткізу туралы» ҚР Заңы cайттың ең маңызды бөлімдері
Виртуалдық қабылдау бөлмесі

Жаңалықтар

Назад
Әкімнің іс сапарлары
07 Қараша 2019

Қарағанды облысының құтқарушылары қысқа дайын

Фото: karaganda-region.gov.kz

Қарағанды облысының құтқарушылары қысқа дайындалды. Қар құрсауында жиі қалып қоятын трасса учаскелері күшейтілген бақылауға алынды. Облыстық жолдардың бойында жылыту пункттері ұйымдастырылды. Жол бойындағы медициналық құтқару пункттері толық дайын.
Қарағанды облысында барлығы 3000-нан астам құтқарушы мен 1200 бірлік техника қысқы жағдайда жұмыс істеуге дайын. ТЖ департаментінің қызметкерлері қала аралық трассалардың 614 учаскесін ерекше бақылауға алды, оларда қар құрсауы жиі туындайды. Облыстық маңызы бар жолдар бойында орналасқан елді мекендерде 390 жылыту пункті мен жол бойы қызмет көрсету пункті аяздарда жұмыс істеуге дайын тұр.
Қарағанды облысының жолдарындағы жеті құтқару пункті тәулік бойы жұмыс істейді.
Қыс мезгілінде төтенше жағдайлар кезіндегі іс-қимыл алгоритмдерін құтқарушылар "Қыс-2019" Республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығуларда пысықтады. Сценарий бойынша ТЖД қызметкерлері іздестіру жұмыстарын жүргізді, ЖКО-да зардап шеккендерге көмек көрсетті және күре жолдарда қар құрсауында тұрып қалған адамдарды құтқарды. Құтқарушылар өрт сөндіріп, адамдарды жылыту пункттеріне эвакуациялады және арнайы жаттыққан иттердің көмегімен мұз астына құлап кеткен автокөлікті іздеді.
Оқу-жаттығуға ҚР ІІМ ТЖК аумақтық бөлімшелерінің, ҚР Ұлттық ұланының "Орталық" РМКК 52859 әскери бөлімінің жедел-құтқару құрамалары, облыстық, қалалық және аудандық шұғыл әрекет ету жасақтары, адамдарды іздеу және құтқару командалары құрамына кіретін азаматтық қорғау қызметтері мен ұйымдардың құрамалары жұмылдырылды.
 



Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауы 2 қыркүйек 2019
Қазақстан республикасы президентінің ресми сайты
Қазақстан 2050 Мәңгілік ел
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі
Пайдалы сілтемелер
Сайт картасы