жоғары
ресми ақпараттық
порталы
Қарағанды -12°C
«Ақпаратқа қол жеткізу туралы» ҚР Заңы cайттың ең маңызды бөлімдері
Виртуалдық қабылдау бөлмесі

Жаңалықтар

Назад
Әкімнің іс сапарлары
29 Қазан 2019

Қарағандыға 2020 жылы өрт сөндіру және құтқару спорты бойынша әлем чемпионатын өткізу құқы берілді

Фото: karaganda-region.gov.kz

Қарағанды 2020-шы жылы Қарағандыда өрт сөндіру және құтқару спорты бойынша әлем чемпионаты өтеді. Жарыстарға қатысу үшін 20 астам елден командалар мен қонақтар келеді.
Биыл әлемдік біріншілік Саратовта (Ресей Федерациясы) өтті. Чемпионатта Қазақстаннан барған ерлер құрамасы күміс медальді жеңіп алды. Жастар құрамасы қола жүлдені иеленді. Әйелдер құрамасы төртінші орынға орнықты.
Жарыс эстафетасы Қазақстанға берілді. Таңдауға елдің әйелдер арасында өрт сөндіру және құтқару спортын дамытуға негіз қалағаны әсер етті. Өрт сөндірушілер мен құтқарушылардың халықаралық спорт федерациясы 2020 жылғы әлем чемпионатын Қарағандыда өткізуді ұсынды.
Алты жыл бұрын Алматыда өрт сөндірушілер мен құтқарушылардың әлем чемпионаты өтті. Қарағанды осы деңгейдегі жарыстар тапсырылған елдегі екінші қала болмақ.
Чемпионатта ерлер мен әйелдер командалары бөлек сайысқа түседі. Бағдарлама мыналарды қамтиды: шабуыл баспалдақтарымен жаттығу мұнарасының төртінші қабатының терезесіне көтерілу; 100 метрлік кедергілерден өту; жауынгерлік орналастыру; от эстафетасы.
Өрт сөндіру спорты 1937 жылы КСРО-да басталған. Кейін ол Еуропада таралды.

Қарағанды облысының ТЖД баспасөз қызметінің ақпараты бойынша
 



Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауы 2 қыркүйек 2019
Қазақстан республикасы президентінің ресми сайты
Қазақстан 2050 Мәңгілік ел
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі
Пайдалы сілтемелер
Сайт картасы