жоғары
ресми ақпараттық
порталы
Қарағанды -12°C
«Ақпаратқа қол жеткізу туралы» ҚР Заңы cайттың ең маңызды бөлімдері
Виртуалдық қабылдау бөлмесі

Жаңалықтар

Назад
Әкімнің іс сапарлары
28 Қазан 2019

"Барлығына арналған футбол" жобасы шекараларын кеңейтті

Фото: karaganda-region.gov.kz

"Барлығына арналған футбол" жобасының қатысушылары Саран қаласында болды. Облыстық тірек-қимыл аппараты бұзылған балаларға арналған мектеп-интернаттың жас спортшылары сал ауруына шалдыққан құрдастарына шеберлік сабақтарын өткізді.
Қарағанды облысы өткен жылы ерекше футболшыларға арналған республикалық жобаға қосылған болатын. Дене шынықтыру және спорт басқармасы идеяны қолдап, "Рухани жаңғыру" бағдарламасы аясында қаражат бөлді.
Қарағандыда басталған қозғалыс өрісін кеңейтті. ТҚАББ мектебінің тәрбиеленушілері Саран қаласының спорт мектебіне келді. Жас футболшылар жаттығу-эстафетадан кейін ойын ұйымдастырды. Мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған жергілікті мектеп-интернаттың қамқорлығындағы балалар ойынды тамашалап, сонан срң қонақтармен бірге жаттығуға қатысты.
- Балалар әлі де доппен жұмыс жасауды үйренуде. Бірақ, ең бастысы – футбол ойнау ниеттері зор. Балалар ішкі үрейлерін жеңіп, шеберліктерін жақсартуға тырысты, - деп атап өтті ТҚАББ мектебінің дене шынықтыру мұғалімі, жаттықтырушының көмекшісі Серік Басығарин.
Жобаны ұйымдастырушылар облыстың басқа қалаларында осындай кездесулер мен шеберлік сабақтар өткізуді жоспарлап отыр.
Жаттықтырушы Евгений Свешниковтың айтуынша, алдағы уақытта республикалық жарыстарға қатысу үшін ерекше футболшылардың облыстық командасы құрылуы мүмкін.
Бұған дейін хабарланғандай, биылғы жылдың қыркүйек айында ТҚАББ мектебінің екі командасы сал ауруы бар балалар арасындағы футболдан республикалық чемпионатта дебют жасады. Алматыда өткен біріншілікте қарағандылықтар екінші және төртінші орындарды иеленді. 



Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауы 2 қыркүйек 2019
Қазақстан республикасы президентінің ресми сайты
Қазақстан 2050 Мәңгілік ел
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі
Пайдалы сілтемелер
Сайт картасы