жоғары
ресми ақпараттық
порталы
Қарағанды 2°C
«Ақпаратқа қол жеткізу туралы» ҚР Заңы cайттың ең маңызды бөлімдері
Виртуалдық қабылдау бөлмесі

Жаңалықтар

Назад
Әкімнің іс сапарлары
28 Қазан 2019

Облыстың 36 мың тұрғыны Жұмыспен қамту орталықтарының көмегімен жұмыс тапты

Фото: karaganda-region.gov.kz

Қарағанды облысында "Еңбек" бағдарламасы бойынша жұмыспен қамту орталықтарына жүгінгендердің жалпы санынан 36 мың адам немесе 94% жұмысқа орналасты.

Бағдарламаның орындалуы туралы Қарағанды облысының әкімі Жеңіс Қасымбекке аппараттық жиналыста баяндады.
Өңірде "Еңбек" бағдарламасы үш бағыт бойынша жүзеге асырылуда. Ол - кәсіби және қысқа мерзімді білім беру, жаңа бизнес-идеяларды іске асыру және еңбек ресурстарының ұтқырлығы.
- Еңбек нарығының қажеттілігін ескере отырып, техникалық және кәсіптік білімі бар кадрларды даярлауға жыл басынан 700 адам жіберілді. Қысқа мерзімді курстарда - шамамен 3 500 адам оқудан өтті. Кәсіби курстарда 1900 адам оқытылды. Жаңа бизнес-идеяларды іске асыруға ағымдағы жылы 1663 грант беру жоспарланып отыр, ал 1037-і берілді, - деді Қарағанды облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы Әсем Жүніспекова.
"Еңбек" бағдарламасы облыстың ауылдық аудандарында да жұмыс істейді. Ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы Сағынжан Апақашовтың айтуынша, биыл шағын несиелеуге 6 млрд 58 млн 251 мың теңге бөлінді. Шағын несиелердің басым бөлігі Бұқар Жырау, Қарқаралы және Жаңаарқа аудандарының тұрғындарына берілді.
Қарағанды облысының әкімі Жеңіс Қасымбек "Еңбек" бағдарламасын жүзеге асыру бойынша жұмысты жалғастыруды тапсырды. Курс түлектерін және жастар тәжірибесінен өткендерді жұмысқа орналастыру мәселесіне мұқият қарау керектігі айтылды. 



Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауы 2 қыркүйек 2019
Қазақстан республикасы президентінің ресми сайты
Қазақстан 2050 Мәңгілік ел
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі
Пайдалы сілтемелер
Сайт картасы