жоғары
ресми ақпараттық
порталы
Қарағанды -4°C
«Ақпаратқа қол жеткізу туралы» ҚР Заңы cайттың ең маңызды бөлімдері
Виртуалдық қабылдау бөлмесі

Жаңалықтар

Назад
Әкімнің іс сапарлары
28 Қазан 2019

Қарағанды облысында балабақшаларға бөлінетін мемлекеттік тапсырыс көлемі ұлғайтылады

Фото: karaganda-region.gov.kz

Облыс әкімі Жеңіс Қасымбек мектепке дейінгі ұйымдардың толық қаржыландырылмау мәселесін шешуді тапсырды. Бүгінгі күні облыс аймақтарында орналастырылған мемлекеттік тапсырыс көлемі нормативке сәйкес келмейді.
- 2020 жылы нормативті республикалық деңгейдегі әдістеме мен өлшемдерге сәйкес келтіру жөнінде шаралар қабылдауды тапсырамын. Біртіндеп қаржыландырудың қажетті көрсеткішіне шығу керек, - деп тапсырды өңір басшысы.
Оның айтуынша, республика бойынша бір балаға әлеуметтік мемлекеттік тапсырыс сомасы 27 502 теңгеден 33 380 теңгеге дейін өзгереді. Қарағанды облысында бұл көрсеткіш төмен: қалаларда - 20,6-дан 25,1 мың теңгеге дейін, ал ауылдық жерлерде - 10,4-тен 23,6 мың теңгеге дейін.
Мемлекеттік тапсырыс сомасын ұлғайту өңірдегі мектепке дейінгі білім беру сапасын жақсартуға мүмкіндік береді.
Сондай-ақ, облыс әкімі екі жастан бастап балаларды мектепке дейінгі біліммен қамтамасыз ету қажеттілігін толық жабу үшін жеке балабақшаларды ашуға бизнесмендерді тарту бойынша жұмысты жалғастыру қажеттігін еске салды.
 



Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауы 2 қыркүйек 2019
Қазақстан республикасы президентінің ресми сайты
Қазақстан 2050 Мәңгілік ел
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі
Пайдалы сілтемелер
Сайт картасы