жоғары
ресми ақпараттық
порталы
Қарағанды -12°C
«Ақпаратқа қол жеткізу туралы» ҚР Заңы cайттың ең маңызды бөлімдері
Виртуалдық қабылдау бөлмесі

Жаңалықтар

Назад
Әкімнің іс сапарлары
28 Қазан 2019

Жезқазғанда Назарбаев зияткерлік мектебі ашылады

Фото: karaganda-region.gov.kz

Жезқазғанда Назарбаев зияткерлік мектебі ашылады. Бұл үшін қазірдің өзінде қажетті рұқсат алынды. Оқу шарттары мен сапасы республиканың ірі қалаларындағы ұқсас мектептермен бірдей болады.
Бұл туралы Қарағанды облысының әкімі Жеңіс Қасымбек аппараттық жиында мәлімдеді. Назарбаев Зияткерлік мектебі аймақта жақын болашақта құрылысы жоспарланған алты білім беру ұйымдарының бірі болады. Сонымен қатар Қарағандыда тағы екі орта мектеп, басқалары Теректі, Шет және Ұлытау аудандарында пайда болады.
- Жаңа мектептер құрылысының арқасында оқу орындарының саны жеткілікті болады. Осылайша біз жұмыс жүктемесі мен үш ауысым мәселелерін шешеміз. Ендігі біздің басты міндетіміз - 30 жастан асқан мектеп ғимараттарын күрделі жөндеу. Қарағайлыда «Ауыл - ел бесегі» жобасы аясында ғимаратты жөндеуге 500 миллионға жуық теңге бөлінді. Дәл осындай жұмыс Егіндібұлақта жоспарланған, -деді Жеңіс Қасымбек.
Сондай-ақ, ол ерекше қажеттіліктері бар балаларға жағдай жасау керектігін айтты.
Аймақ басшысы қалалар мен аудандардың әкімдеріне бір апта ішінде күрделі жөндеуді қажет ететін мектептердің толық тізімін беруді тапсырды. Сонымен бірге шығындармен бірге жол картасын жасауды. Осы процесті және болашақта жөндеу барысын бақылау үшін Жеңіс Қасымбек жұмыс топтарын құруды тапсырды. Олардың құрамына қамқоршылық кеңес мүшелері және үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері кіреді.
 



Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауы 2 қыркүйек 2019
Қазақстан республикасы президентінің ресми сайты
Қазақстан 2050 Мәңгілік ел
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі
Пайдалы сілтемелер
Сайт картасы