жоғары
ресми ақпараттық
порталы
Қарағанды -1°C
«Ақпаратқа қол жеткізу туралы» ҚР Заңы cайттың ең маңызды бөлімдері
Виртуалдық қабылдау бөлмесі

Жаңалықтар

Назад
Әкімнің іс сапарлары
28 Қазан 2019

Қарағанды облысында төртінші күн электр станциясы салынуда

Фото: karaganda-region.gov.kz

Жаңа күн электр станциясы Жезқазған маңындағы Кеңгір ауылында пайда болады. Құрылыс жұмыстары басталып кетті. Бүгінде 29 300 күн панельдерінің 5200-і орнатылған. Жұмыстарды жыл соңына дейін аяқтау жоспарлануда, станцияның ашылуы 22-ші желтоқсанға белгіленген.

Оның қуаттылығы 10 Мвт тең. Құрылыс жұмыстарына 74 адам жұмылдырылған. Жұмыстар аяқталған соң станцияда 10 адам тұрақты жұмыспен қамтылады.
- Болашақта күн электр станцияларының көбеюімен біздер тарифтер бағасын төмендете аламыз. Бұл өте қымбат технология, сондықтан электр энергиясының өзі арзан емес. Алайда күн электр станцияларының саны артса, бұл бағалардың төмендеуіне ықпал етеді, - деп түсіндірді аппараттық жиында энергетика және ТҮКШ басқармасының жетекшісі Ұлантай Үсенов.
Бүгінде облыста үш күн электр станциялары жұмыс жасайды, олар: Саранда, Ақтоғай ауданының Гүлшат ауылында және Шет ауданының Ақадыр ауылында. Олардың жалпы қуаттылығы - 190 МВт. Олар өндіретін барлық электр қуаты тұтынушыларға еш әсерін тигізбеуде. Алайда, заманауи күн электр станцияларының көбеюімен бұл жағдай өзгеруі мүмкін.
Жаңа энергия көздерінің іске қосылуымен жыл басынан бері облыста 147,1 млн. кВт/сағат қуат өндірілген. Жыл соңына дейін бұл көрсеткіш 190 млн. кВт/сағатты құрайды.
Күн электр станцияларын ашу арқылы облысқа 94 млрд.теңге көлемінде инвестиция тартылып, 58 жаңа жұмыс орындары құрылды.
 



Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауы 2 қыркүйек 2019
Қазақстан республикасы президентінің ресми сайты
Қазақстан 2050 Мәңгілік ел
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі
Пайдалы сілтемелер
Сайт картасы