жоғары
ресми ақпараттық
порталы
Қарағанды -12°C
«Ақпаратқа қол жеткізу туралы» ҚР Заңы cайттың ең маңызды бөлімдері
Виртуалдық қабылдау бөлмесі

Жаңалықтар

Назад
Әкімнің іс сапарлары
28 Қазан 2019

Сәтбаевта Тайжан Қалмағанбетовтың әндерін орындаушылар арасында республикалық байқау өтті

Фото: karaganda-region.gov.kz

Сәтбаев қаласында ІІ республикалық Тайжан әндерін орындаушылар байқауы өтті. Ол еліне танымал ақынның 140 жылдығына арналды.

Байқауға Алматы, Шымкент, Қарағанды қалалары мен Қызылорда, Шығыс Қазақстан, Батыс Қазақстан және Қарағанды облыстарынан 14 орындаушы қатысты. Әбі қатысушы бірінші турда үш және екінші турда екі әннен орындады. Көрермендер арасында кештің құрметті қонақтары ретінде Тайжан Қалмағанбетовтың немерелері, шөберелері, туыстары мен жақындары болды.

Қазылар алқасының құрамында танымал шығармашылық адамдар болды. Қазылар алқасының төрағасы – ҚР халық әртісі, Өнер университетінің профессоры, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Қайрат Байбосынов пен ҚР Еңбек сіңірген қайраткері, ақын, әнші-жыршы Қатимолла Бердіғалиев болды. Сонымен қатар қатысушылар өнерін өткен жылғы алғашқы конкурстың жеңімпазы Амангелді Күзеубайда болды.

Ән байқауының қорытындысы бойынша үшінші орынды ШҚО келген Талант Мәжитов пен БҚО келген Мирлан Жамбулов иеленді. Екінші орын Шымкенттік Әміржан Бекниязов бұйырды. Бірінші орынды Қызылорда облысынан келген Ерлан Ыбырайхан иеленді. Үшінші орын алғандарға диплом мен 100 мың теңге, екінші орынға – 200 мың, ал бірінші орынға – 300 мың теңге көлемінде ақшалай сыйақы табысталды.
500 мың теңге көлеміндегі ақшалай сыйақымен Бас жүлдені алматылық Жаннұр Мұсылманбек жеңіп алды.

14 қатысушының ешбірі сыйлықсыз қалмады. Екі қатысушы байқаудың дипломанттары атанса, қалғандарына елде сал-сері ақын атанған Тайжанның ұрпақтары атынан көптеген арнайы сыйақылар табысталды.

Тайжан Қалмағанбетов Қарсақпайда дүниеге келген.
Өз туындыларында ол дәстүрлі халық поэзиясын ұстанған.
Тайжанның әндері мынадай жинақтарда жарық көрген: «Қазақтың 1000 әні» (1925), «Пернедегi термелер» (1965). Халық арасынан шыққан таланттар арасындағы алғашқы республикалық слет (1934, 1936) пен Мәскеу қаласында өткен қазақ әдебиеті мен өнері онкүндігінің қатысушысы (1936).
1937-жылы Тайжан Қалмағанбетов ішкі істер халық комиссариатымен тұтқындалып, 1938 жылы атылды.

Сәтбаев қаласы әкімі аппаратының баспасөз қызметінің ақпараты бойынша
 



Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауы 2 қыркүйек 2019
Қазақстан республикасы президентінің ресми сайты
Қазақстан 2050 Мәңгілік ел
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі
Пайдалы сілтемелер
Сайт картасы