жоғары
ресми ақпараттық
порталы
Қарағанды -15°C
«Ақпаратқа қол жеткізу туралы» ҚР Заңы cайттың ең маңызды бөлімдері
Виртуалдық қабылдау бөлмесі

Жаңалықтар

Назад
Әкімнің іс сапарлары
28 Қазан 2019

Қарағандыда вокзалды қайта қалпына келтіру жұмыстары жалғасуда

Фото: karaganda-region.gov.kz

Қарағанды теміржол вокзалында реконструкциялау жұмыстары кеңінен жалғастырылуда, сондай-ақ бас ғимараттың қасбетін түзету бойынша жұмыстар жүргізілуде. Қарағанды облысының әкімі Жеңіс Қасымбек құрылыс нысанында болып қайтты. Аймақ басшысына қалпына келтіруге қатысты айтылған сыннан кейін жоба қайта қаралғаны мәлімделді.
«Қазақстан темір жолы» АҚ вокзал шаруашылығы жөніндегі атқарушы директоры Жұбан Көрпебаевтың айтуынша, орталық кіреберісте колонналар мен басқа да сәулеттік әшекейлер қосылады. Терезе ойықтары кеңейтіліп, карниздерді орнату аяқталуда.
Сонымен қатар перронға жер үстімен өтетін жаңа терминалдың құрылысы жүріп жатыр.
ҚТЖ өкілдері барлық жұмыстар желтоқсан айының ортасында аяқталады деп уәде берді.
Облыс әкімі сондай-ақ аймақ ішіндегі тасымалдау мәселесіне де тоқталды. Компания өкілдері қалааралық электр пойыздардың бағыттары жеткілікті деп сендірді өңір басшсын.
Жеңіс Қасымбек вокзал жанындағы алаңды абаттандыруды, оның ішінде автовокзалды жөндеуді тапсырды. Ғимарат пен оның алдындағы аумақ бірыңғай ансамблде болуы керек, деді облыс әкімі.
Естеріңізге сала кетейік, Қарағандыдағы теміржол вокзалы 1956 жылы салынған. Соңғы рет ғимарат 11 жыл бұрын күрделі жөндеуден өтті.
Жаңа терминал құрылысымен қайта жаңарту 2018 жылы басталды. Вокзал жаңартылып, кеңейтілуде. Соның арқасында жолаушыларды өткізу қабілеті екі жарым есе өседі.
Жолаушыларға ыңғайлы болу үшін эскалаторлар, қосымша кассалар, фуд-корттар пайда болады. Мүмкіндігі шектеулі адамдар үшін көтергіштер мен жеке бөлме қарастырылған. Сонымен қатар ғимараттың ескі бөлігі күрделі жөндеуден өткен соң ана мен бала бөлмесі жабдықталды.
 



Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауы 2 қыркүйек 2019
Қазақстан республикасы президентінің ресми сайты
Қазақстан 2050 Мәңгілік ел
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі
Пайдалы сілтемелер
Сайт картасы