жоғары
ресми ақпараттық
порталы
Қарағанды -12°C
«Ақпаратқа қол жеткізу туралы» ҚР Заңы cайттың ең маңызды бөлімдері
Виртуалдық қабылдау бөлмесі

Жаңалықтар

Назад
Әкімнің іс сапарлары
25 Қазан 2019

Қарқаралы ауданындағы жолдарды жөндеуге бюджет 3,5 есеге артады

Фото: karaganda-region.gov.kz

Қарқаралы ауданының тұрғындары жолдардың нашарлығына қатысты шағым айтуда. Олардың наразылығымен облыс әкімі Жеңіс Қасымбек те келісіп отыр.
- Биылғы жылы Егіндібұлақтан Қарқаралыға дейінгі жолды ретке келтіруді жалғастырамыз. Сондай-ақ, Қарқаралы қаласынан Қарағанды қаласына дейінгі учаскені жөндеу жұмыстары жалғасады. 2020 жылы қаржыландыру 3,5 есеге артады. Республикалық және облыстық бюджеттен бұл мақсаттарға 2 млрд теңге бөлінді, - деді Қарағанды облысының әкімі.
Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы Әскербек Халтоновтың айтуынша, Қарағандыдан Шығыс Қазақстанға дейінгі жолды Қарқаралы арқылы ауқымды қайта құру жоспарда бар. Күрделі жөндеуден кейін екі бағытта да жолақтарды 9 метрге дейін ұлғайту көзделіп отыр.
Ауыл ішіндегі жолдардың жағдайына келер болсақ, Әскербек Халтонов Қарағайлы ауылында жолдардың нашарлығына қатысты мәселе шешілгенін баяндады. Сондай-ақ, Қарқаралы қаласында барлық басты көшелер жөнделді. Бұл жұмыстар аудандық бюджеттен қаржыландырылады.
Қарқаралы ауданы бойынша 1200 шақырымнан астам автожол, оның ішінде 192 шақырым республикалық маңызы бар, 311 шақырым облыстық маңызы бар жолдар өтеді.
Қарқаралы ауданына жұмыс сапары барысында Жеңіс Қасымбек жол проблемалары ғана емес, сонымен қатар көлік мәселелеріне қатысты да сауалдар қойы. Қарқаралы тұрғындары облыс орталығына жету өте қолайсыз екенін айтып, шағымданды. Тікелей маршруттың болмауына байланысты транзиттік бағытта жүретін адамдарға лық толы автобустармен жүруге тура келетінін жеткізді. Өңір басшысына бұл мәселе шешілгендігі туралы баяндалды. Облыстық бюджеттен қаржыландырылатын Қарағанды – Қарқаралы рейсі іске қосылды.
Келешекте Қарқаралы қаласына тек жайлы жолмен ғана емес, әуе қатынасымен де жетуге болады. Бұл жерге туристік ағымды арттыру мақсатында ұшақ рейстерін іске қосу жоспарлануда. Әскербек Халтоновтың айтуынша, шағын авиацияға 2020 жылы ЖСҚ әзірлеу жоспарланып отыр.

 



Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауы 2 қыркүйек 2019
Қазақстан республикасы президентінің ресми сайты
Қазақстан 2050 Мәңгілік ел
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі
Пайдалы сілтемелер
Сайт картасы