жоғары
ресми ақпараттық
порталы
Қарағанды -1°C
«Ақпаратқа қол жеткізу туралы» ҚР Заңы cайттың ең маңызды бөлімдері
Виртуалдық қабылдау бөлмесі

Жаңалықтар

Назад
Әкімнің іс сапарлары
25 Қазан 2019

Егіндібұлақ пен Қарағайлыда әлеуметтік нысандар жөнделуде

Фото: karaganda-region.gov.kz

Жеңіс Қасымбек Қарқаралы ауданының Егіндібұлақ және Қарағайлы елді мекендеріндегі күрделі нысандарды аралады. Өңір басшысы ауыл тұрғындарының өмірін жақсартуға, әлеуметтік мәселелерді шешуге назар аударды.
Мысалы, Егіндібұлақта жергілікті Мәдениет үйі жөндеуді қажет етеді. Ғимарат 50 жылдан астам уақыт бұрын салынған. Соңғы рет нысанға жөндеу 15 жыл бұрын жасалған. Бүгінде ғимарат айтарлықтай тозған. Аудан әкімі Халел Мақсұтов күрделі жөндеуге жобалық-сметалық құжаттама дайын екенін хабарлады. Келесі жылы қасбетті және ішкі бөлмелерді жаңарту жоспарлануда.
Бүгінгі күні Мәдениет үйінде балалар мен жасөспірімдерге арналған 9 үйірме жұмыс істейді. Сонымен қатар, ардагерлер хоры, халық ансамблі және Егіндібұлақ театры да бар.
Жергілікті билік облыс әкіміне мәдени нысаннан бөлек, ауылда спорт та жетіспейді деп шағымданды. Жұмыс сапары барысында өңір басшысы дене шынықтыру-сауықтыру орталығының құрылысын талқылады. Облыс әкімі ЖСҚ әзірлеуді тапсырды.
Ауылды аралау барысында Жеңіс Қасымбек жергілікті мектепке де барып қайтты. Білім беру нысаны да жөндеуді қажет етеді. Облыс әкімі бұл мәселені шешуді тапсырды.
Сондай-ақ, өңір басшысы болып қайтқан Қарағайлы ауылында да күрделі жөндеу жұмыстары жүргізіледі деп жоспарлануда. Жұмысқа құрылысшылар келесі жылы кірісуі тиіс.
Осы ауылда отбасылық дәрігерлік амбулатория құрылысы аяқталуда. Мердігерлер нысанды жыл соңына дейін тапсырмақ.
Облыс әкіміне кенттегі саябақты абаттандыру жобасы ұсынылды. Аудан басшысының айтуынша, тұрғындар демалатын аумақты қалпына келтіруді өтінген. Келесі жылы ол жер де қалпына келтіріле бастайды.
Сонымен қатар, ауданда су және кәрізге байланысты өзекті мәселелер шешілетін болады. Аудан әкімі айтып өткендей, ЖСҚ әзірленіп, қаржыландыру мәселесі қарастырылуда.
Жұмыс сапары барысында Жеңіс Қасымбек «Қазақмыс корпорациясы» ЖШС Қарағайлы байыту фабрикасының жұмысымен танысты.

 



Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауы 2 қыркүйек 2019
Қазақстан республикасы президентінің ресми сайты
Қазақстан 2050 Мәңгілік ел
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі
Пайдалы сілтемелер
Сайт картасы