жоғары
ресми ақпараттық
порталы
Қарағанды 11°C
«Ақпаратқа қол жеткізу туралы» ҚР Заңы cайттың ең маңызды бөлімдері
Виртуалдық қабылдау бөлмесі

Жаңалықтар

Назад
Әкімнің іс сапарлары
10 Қазан 2019

Қарағанды облысының аудандарында жұмыс істеуге 50 спорт нұсқаушылары жіберілді

Фото: karaganda-region.gov.kz

50 спорт нұсқаушылары Қарағанды облысының аудандарына жұмыс істеуге жіберілді. Бұл туралы дене шынықтыру және спорт басқармасының баспасөз қызметі хабарлады.
Нұсқаушылар дене шынықтыру-сауықтыру кешендерінде, жаңа спорт алаңдарында және әмбебап корттарда жұмыс істейтін болады. Осылайша, жыл сайын облыста ашылатын спорт нысандары жұмыссыз бос тұрып қалмайды.
- Біз елу адамға тренинг ұйымдастырып, өткіздік. Енді олар ауылдарда жұмыс істейтін болады. Нұсқаушылар институтын енгізу жөніндегі жоба бұқаралық спортты дамыту үшін үлкен маңызға ие және нақты жемісін бере алады, - деді дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Дмитрий Карпов.
Нұсқаушылар тек жаттығуларды ғана емес, сонымен қатар мәдени-демалыс жұмыстарымен де айналысады. Олардың міндеті – барлық жастағы ауыл тұрғындарын салауатты өмір салтына тарту.
 



Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауы 2 қыркүйек 2019
Қазақстан республикасы президентінің ресми сайты
Қазақстан 2050 Мәңгілік ел
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі
Пайдалы сілтемелер
Сайт картасы