жоғары
ресми ақпараттық
порталы
Қарағанды 11°C
«Ақпаратқа қол жеткізу туралы» ҚР Заңы cайттың ең маңызды бөлімдері
Виртуалдық қабылдау бөлмесі

Жаңалықтар

Назад
Әкімнің іс сапарлары
10 Қазан 2019

Асқар Мамин Қарағанды облысында жаңа жол құрылысы барысын тексерді

Фото: karaganda-region.gov.kz

ҚР Премьер-министрі Асқар Мамин жұмыс сапарымен Қарағанды облысына келді. Үкімет басшысы Республикалық маңызы бар жолдар құрылысының барысымен танысты. Ол ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен қолға алынған «Нұрлы жол» бағдарламасының орындалуына баса назар аударып, Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмаларының орындалу барысын тексерді.
Премьер-министрге ірі инфрақұрылымдық жобаларды жүзеге асыру барысы туралы баяндалды. Бұл «Қарағанды – Балқаш», «Қарағанды – Теміртау», Қарағандының Солтүстік және Шығыс айналма жолын қайта жаңарту жобалары.
«Қарағанды – Балқаш» автожолы жаңғыртудан кейін төрт жолақты автобан болмақ. Бұл учаскедегі жұмыстар «Орталық – Оңтүстік» көлік дәлізін қайта құру бойынша ауқымды жобаның шеңберінде жүргізіледі.
Құрылыс жоспарға сай жүргізілуде. Мұнда 2 300-ден астам адам, 1200 бірлік техника жұмылдырылған. Өндірістік базалар Үштөбе ауылы, Ақсу-Аюлы және Ақшатау кенттері, Балқаш қаласы секілді бірнеше нүктелерде орналасқан.
Аталмыш жоба бойынша Асқар Мамин келесі жылы төрт жолақты жолды іске қосуды қамтамасыз етуді тапсырды. 2021-ші жылы учаскінің абаттандырылуы толықтай аяқталуы тиіс.
Осы жылдың соңына дейін «Қарағанды – Теміртау» мен Солтүстік және Шығыс айналма жолдары тапсырылады.
Жаңа айналма жол арқылы өтетін жол ашылды. Қазіргі таңда жол белгілерін орнату бойынша жұмыстар жүргізілуде. Сонымен қатар көлік айырықтарының құрылысы аяқталуда.
Бұл жобаны жүзеге асыру облыс орталығын көлік ағынынан жеңілдетуге мүмкіндік береді. Бүгінде Қарағанды арқылы күн сайын 22 мыңға дейін машина жүріп өтеді. Бұл қала жолдары мен экологияның жай-күйіне әсер етеді.
Премьер-министр сондай-ақ «Балқаш-Бұрылбайтал» учаскесінің құрылыс қарқынын күшейтуді тапсырды.
Инфрақұрылымдық жобаларды іске асыру Қарағанды облысының экономикасын дамытуға қосымша мүмкіндіктер туғызады.
 



Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауы 2 қыркүйек 2019
Қазақстан республикасы президентінің ресми сайты
Қазақстан 2050 Мәңгілік ел
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі
Пайдалы сілтемелер
Сайт картасы