жоғары
ресми ақпараттық
порталы
Қарағанды 9°C
«Ақпаратқа қол жеткізу туралы» ҚР Заңы cайттың ең маңызды бөлімдері
Виртуалдық қабылдау бөлмесі

Жаңалықтар

Назад
Әкімнің іс сапарлары
08 Қазан 2019

Қарағанды облыстық ТЖД-де балалар сурет байқауының қорытындысы жасалды

Фото: karaganda-region.gov.kz

Құтқарушылар күні қарсаңында Қарағанды облысының ТЖД «Мамандығымыз – құтқару» тақырыбында сурет байқауын ұйымдастырды. Оған департамент қызметкерлерінің балалары – 5-12 жас аралығындағы 50-ден астам жас суретші қатысты.

Қатысушылар өз суреттерінде өрт сөндірушілердің, құтқарушылардың, диспетчерлердің жұмысын бейнеледі.

- Көптеген суреттер өрттің алдын алуға арналды. Байқау комиссиясының алдында жеңімпаздарды анықтау бойынша күрделі міндет тұрды. Жарқын және әр түрлі суреттердің әрқайсысы өз бетінше ерекше болды, - дейді Департаментте.

Байқау қорытындысы бойынша комиссия екі жас санаты бойынша жеңімпаздарды анықтады. 5-8 жас аралығындағы қатысушылар арасында Диана Хабдулина жеңімпаз атанды, 2 орынды Бексұлтан Қалдыбаев, 3 орынды Әсел Ахмет иеленді.
9-12 жас аралығындағы топта Даниал Ерболат жеңіске жетті, 2 орынды Айғаным Несіпбек, 3 орынды Шарбат Имангелді иеленді.

Марапаттау Құтқарушы күніне арналған салтанатты іс-шара кезінде өтеді. Аталмыш мереке Қазақстанда 19 қазанда атап өтіледі.

 



Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауы 2 қыркүйек 2019
Қазақстан республикасы президентінің ресми сайты
Қазақстан 2050 Мәңгілік ел
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі
Пайдалы сілтемелер
Сайт картасы