жоғары
ресми ақпараттық
порталы
Қарағанды 30°C
«Ақпаратқа қол жеткізу туралы» ҚР Заңы cайттың ең маңызды бөлімдері
Виртуалдық қабылдау бөлмесі

Жаңалықтар

Назад
Әкімнің іс сапарлары
10 Қыркүйек 2019

Теміртауда желтоқсан айында Елбасының тапсырмасы бойынша салынып жатқан емхана құрылысы аяқталады

Фото: karaganda-region.gov.kz

Теміртауда Елбасы – ҚР Тұңғыш Президентінің тапсырмасы бойынша әлеуметтік маңызы бар нысандардың құрылысы жүріп жатыр. Белсенді қарқынмен емхана салынуда, жаңа дене шынықтыру-сауықтыру кешенінің іргетасы қаланды. Сонымен қатар, 320 орындық балабақша салынады.
Қарағанды облысының әкімі Ерлан Қошанов Теміртауға іс сапары барысында жұмыс барысын тексерді. Аймақ басшысы сондай-ақ металлургтер қаласының қысқа дайындық барысымен танысты.
Естеріңізге сала кетейік, Елбасының тапсырмасы бойынша облыс әкімдігі мен «АрселорМиттал Теміртау» АҚ әлеуметтік маңызы бар үш нысанды салу туралы Меморандумға қол қойды. Қаржыландыруды компания өз мойнына алды, ал билік жер телімдерін беріп, қажетті жағдайды қамтамасыз етті.
Жаңа емхана көп қабатты ауданда салынып, тұрғындарға медициналық қызмет көрсетуді қамтамасыз етеді. Қазіргі таңда адамдар терапевтер мен мамандардың қабылдауына бару үшін бірнеше шақырым жол жүруге мәжбүр. Жаңа нысан ашылған соң мекемеге 20 мыңға дейін адам тіркеле алады.
Бүгінде мұнда әрлеу жұмыстары жүргізіліп жатқан төменгі және бірінші қабат толығымен аяқталды. Жақын арада екінші қабат аяқталып, құрылысшылар шатырға кіріседі.
Нысан дизайны және жабдықталуы бойынша заманауи болады. Қажетті медициналық жабдықтарға тапсырыс берілген. Компания басшылығы мен мердігер: 1 желтоқсанға дейін емхана пайдалануға беріледі деп сендірді.
Дене шынытыру-сауықтыру кешенінің құрылысына келер болсақ, онда құрылыс алаңында іргетас дайындалды. Айдың ортасына дейін металлоконструкция қойылады және қаңқаның құрылысы басталады. Жоба әмбебап және жаттығу залдарын, сондай-ақ күрескерлер үшін мамандандырылған залдарды қамтиды.
Облыс әкімі жұмыс сапасын бақылап, мерзімдерден қалыс қалмауды тапсырды.
Ерлан Қошанов сондай-ақ ЖЭО-2-де болып, жылыту маусымына дайындық жөнінде жиналыс өткізді. Өңір басшысына жөндеу жұмыстары және екі электр станциясын жаңғырту жөніндегі жобаны іске асыру барысы туралы баяндалды.
- Қысқы маусымға біз алты қазанмен, төрт турбогенератормен және екі ең жоғары қазанмен кіруіміз керек, - деді «АрселорМиттал Теміртау» АҚ атқарушы директоры Вадим Басин. - Көмір бойынша проблемалар жоқ. Қазір қоймада шамамен 200 мың тонна қатты отын бар.


 



Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауы 2 қыркүйек 2019
Қазақстан республикасы президентінің ресми сайты
Қазақстан 2050 Мәңгілік ел
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі
Пайдалы сілтемелер
Сайт картасы