жоғары
ресми ақпараттық
порталы
Қарағанды 17°C
«Ақпаратқа қол жеткізу туралы» ҚР Заңы cайттың ең маңызды бөлімдері
Виртуалдық қабылдау бөлмесі

Жаңалықтар

Назад
Әкімнің іс сапарлары
14 Тамыз 2019

Міндетті медициналық сақтандыру туралы не білу қажет

Фото: karaganda-region.gov.kz

Биылғы жылдың 1 қыркүйегінен бастап Қарағанды облысында пилоттық режимде міндетті медициналық сақтандыру жүйесі жұмыс істей бастайды. Келесі жылдың басынан бастап жүйе бүкіл ел бойынша енгізілмек. Медициналық сақтандыру туралы не білу керек және бұл жүйе қалай жұмыс істейді?

Міндетті медициналық сақтандыру кімге жүктеледі?
Барлық азаматтар мен жұмыс берушілерге. Сонымен қатар шетелдіктер мен Қазақстанда тұрақты түарытн олардың отбасы мүшелері, Республика аумағында тұрып жатқан азаматтығы жоқ адамдар, сондай-ақ оралмандар сақтандыруды төлеуі тиіс. Қазақстанда уақытша жүрген шетелдіктер халықаралық келісімдерге сәйкес міндетті медициналық сақтандыру бағдарламасының қатысушысы бола алады.

Қанша төлеу керек?
Жұмыс берушілер міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына 2017 жылғы 1 шілдеден бастап еңбек ақы қорынан 1% көлемінде ақша аудара бастады. 2019 жылы төлем мөлшері 1,5%-ға дейін артады. 2020 жылғы 1 қаңтардан бастап - 2%-ға дейін. 2022 жылғы 1 қаңтардан бастап 3%-ға дейін ұлғайтылады.
Қызметкерлер қорға 2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап табыстың 1% мөлшерінде жарна жасай бастайды.
Жеке кәсіпкерлер, жеке нотариустар, адвокаттар, кәсіби медиаторлар да 2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап ең төменгі жалақының 1,4 есе мөлшерінен 5% мөлшерінде жарналарды төлей бастайды.
Үй шаруасындағы адамдар, тұрақты табысы жоқ ауыл тұрғындары немесе декларацияланбаған табысы бар азаматтар 2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап ай сайын ең төменгі жалақының 5%-ын төлей отырып, МӘМС қатысушылары бола алады. Немесе 2019 жылғы 1 қаңтардан бастап бірыңғай жиынтық төлем жүргізуге құқылы.

Мемлекет кім үшін төлем жасайды?
Жұмыссыз, жұмыс істемейтін жүкті немесе бала күтімі бойынша демалыста жүрген азаматтар үшін. Үш жасқа дейінгі баланы немесе мүгедек баланы, зейнеткерлерді тәрбиелеп отырған жұмыссыздарға. Ең аз қауіпсіздік мекемелерін, тергеу изоляторларындағы адамдарды, жұмыс істемейтін оралмандарды, көп балалы аналарды, дене мүмкіндіктері шектеулі адамдарды, жоғары оқу орындары мен колледж студенттерін, магистранттарды қоспағанда, пенитенциарлық жүйе мекемелерінде сот үкімі бойынша жазасын өтеп жүргендер үшін. Бірінші топтағы бала кезінен мүгедекке күтім жасағандар және атаулы әлеуметтік көмек алуға құқығы бар адамдар үшін.

Жұмыс беруші кім үшін төлем жасайды?
Жұмыс берушілер еңбек шарты бар өз қызметкерлері үшін төлем жасауға міндетті.

Кімдер өздері үшін төлем жасауы тиіс?
Тұрақты табысы жоқ ауыл тұрғындарына, республикадан тыс жерлерге шыққан ҚР азаматтарына. Олар 2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап ай сайын ең төменгі жалақының 5% мөлшерінде екінші деңгейдегі банктер немесе Қазпошта кассалары арқылы жарналарды дербес төлей отырып, МӘМС бағдарламасының қатысушылары бола алады.
Декларацияланбаған табысы бар азаматтар 2019 жылғы 1 қаңтардан бастап ай сайын бірыңғай жиынтық төлем (БЖТ) жүргізе алады.

Мен үшін мемлекет, әлде жұмыс беруші төлем жасайтынын қалай білуіме болады?
Ол үшін ХҚКО немесе egov.kz порталына «әлеуметтік мәртебені тексеру» бөліміне кіріп, қарау керек.

Жеке кәсіпкер мәртебесі жоқ адамдарға не істеу керек?

Мемлекеттік кірістер органдарында кәсіпкерлік субъектісі ретінде тіркелу қажет. Немесе 2019 жылғы 1 қаңтардан бастап қала тұрғындары үшін - 1 АЕК мөлшерінде, ауыл тұрғындары үшін - Қазпошта кассасы немесе екінші деңгейдегі банктер арқылы- 0,5 АЕК мөлшерінде бірыңғай жиынтық төлем (БЖТ) жүргізу керек.

Өзім үшін сақтандыруды қай жерде және қалай төлеу керек?
Екінші деңгейдегі кез келген банк немесе «Қазпошта» бөлімшесі арқылы. Жарналарды ай сайын жасауға болады, және де әр ай үшін жеке төлем тапсырмасымен/хабарламамен аванспен жасауға болады.
Төлем белгілеу коды: 122
Алушының ЖСН мен аты-жөнін дұрыс көрсету маңызды.

Төлем өткенін қалай тексеруге болады?
2-3 жұмыс күні ішінде қаражатты қайтаруды бақылау қажет. Егер төлем қайтарылмаған болса, онда ол сәтті өткенін білдіреді.
Сондай-ақ өзіңізді жарналар төле тұлғалар тізімінен тексеруге болады.
Сіз e-gov.kz порталы арқылы МӘМС төлем тарихын көре аласыз немесе халыққа қызмет көрсету орталықтарына жүгіну арқылы тексеруіңізге болады.

Мемлекет жұмыс істейтін студенттер, зейнеткерлер және мүгедектер үшін төлем жасайды ма?

Қолданыстағы заңнамаға сәйкес күндізгі оқу нысанында оқитын студенттер, зейнеткерлер мен мүгедектер мемлекет жарналары есебінен сақтандырылған болады.


Шет елде тұратын ҚР азаматтарына сақтандыруды төлеу керек пе?

Республикадан тыс жерлерге кеткен адамдар дербес төлеушілер санатына жатады. Олар үшін жарналар ҚР аумағында екінші деңгейдегі банктер немесе «Қазпошта» кассалары арқылы 2020 жылдың 1-ші қаңтарынан бастап ай сайын ең төменгі жалақының 5% мөлшерінде жүзеге асырылады.


Сақтандыру шеңберінде мен қай жерде медициналық көмекке жүгіне аламын?

МӘМС жүйесіндегі медициналық көмекті әлеуметтік медициналық сақтандыру қорымен шарт жасасқан республиканың медициналық ұйымдары көрсетеді. Қор жеткізушілерінің тізімі fms.kz сесми сайтында орналастырылған.

Сақтандыру шеңберінде көрсетілетін қызмет көлемі менің жалақыма байланысты бола ма?

Жоқ. Көрсетілетін медициналық көмектің көлемі табысқа, жасына, әлеуметтік мәртебесіне байланысты емес. МӘМС жүйесіндегі көмек дәрігерлік нұсқауларға сәйкес көрсетіледі және нақты азамат үшін түскен аударымдар мен жарналардың көлеміне байланысты емес.

Сақтандыруда қандай медициналық қызметтер қарастырылған?
МӘМС жүйесінде медициналық қызметтер екі деңгейде ұсынылатын болады.
Бірінші деңгей – тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі (ТМККК). Екінші деңгей – сақтандырылған адамдарға қол жетімді қызметтер пакеті.
ТМККК пакеті Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын барлық азаматтарға, оралмандарға, шетелдіктерге және азаматтығы жоқ адамдарға азаматтың сақтандыруға қатысатындығына немесе қатыспағанына қарамастан ұсынылатын болады.
ТМККК пакетіне алғашқы медициналық-санитарлық көмек кіреді. Бұл барлық азаматтар үшін базалық медициналық қызметтер, алдын ала егулер мен мақсатты скринингтер, жүкті әйелдерді бақылау, бір жасқа дейінгі балаларды патронаж, инфекциялық аурулар мен айналадағылардың денсаулығына қауіп төндіретін ауруларды емдеу, созылмалы (25 ауру тобы) және әлеуметтік мәні бар аурулармен (онкология, туберкулез, АИТВ, психикалық аурулар мен бұзылулар) халықты динамикалық бақылау.
МӘМС пакетіне: консультациялық-диагностикалық көмек (дені сау ересектерді алдын ала тексеру, балаларды мамандандырылған қарау, 18 жасқа дейінгі балаларға, мүгедектерге, зейнеткерлерге, көп балалы аналарға арналған стоматология, қымбат тұратын зертханалық қызметтер, қымбат тұратын диагностикалық қызметтер: КТ, МРТ және т. б.), ТМККК-ден тыс аурулар кезінде амбулаториялық дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету, ТМККК-ден тыс аурулар кезінде стационарды алмастыратын көмек, ТМККК-ден тыс аурулар кезінде жоспарлы стационарлық көмек, ересектер мен балаларды, нейрохирургия, травматология және ортопедия енеді. МӘМС жүйесінің дамуымен болашақта бұл тізім кеңейтілетін болады.
МӘМС пакеті әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына жарналар төлейтін азаматтарға ғана беріледі.
Егер мен сақтандырылған болсам, маған дәрілер бере ме?
Амбулаториялық дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету жүйедегі мәртебесіне қарамастан барлық азаматтар үшін ТМККК пакетіне жататын болады. Препараттар уәкілетті орган бекіткен аурулар тізімі бойынша беріледі.

Егер мен сақтандыруды үнемі төлеп, бірақ ұзақ уақыт бойы дәрігерге жүгінбеген болсам, мен МӘМС пакетінде көзделмеген қымбат рәсімдер мен операцияларды жүргізуге үміттене аламын ба?
Жоқ. МӘМС жүйесі жинақтаушы емес. Егер адамға медициналық көмек қажет болмаса, ол аударылған жарналарды қайтара алмайды немесе сақтандыруға кірмейтін қосымша қызметтерді ала алмайды. Бұл қаражат көмекке мұқтаж адамдарға медициналық көмек көрсетуге бағытталады.

МӘМС шеңберінде медициналық қызметтердің кеңейтілген топтамасын сатып ала аламын ба?
Жоқ. ММС жүйесінде қосымша ақы үшін жекелеген кеңейтілген медициналық көмек пакеттері көзделмеген. Көмек көрсетімдер бойынша толық көлемде көрсетіледі.

Мен сақтандырудан бас тарта аламын ба?

Жоқ. Заңнамаға сәйкес медициналық сақтандыру жүйесіне қатысу азаматтардың, жұмыс берушілердің және мемлекеттің міндеті болып табылады.


Сақтандыру полисін немесе медициналық сақтандырудың болуын растайтын өзге де құжатты өзімен бірге үнемі алып жүруге тура келе ме?

Жоқ, МӘМС жүйесіндегі мәртебені растау және есептеулер туралы мәліметтерді алу үшін тек ЖСН бар жеке куәлік қажет.

Мен міндетті медициналық сақтандыру туралы қосымша ақпаратты қайдан ала аламын?

Қосымша ақпарат алу үшін 1414 бірыңғай қысқа нөміріне немесе "әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры" КЕАҚ Қарағанды облысы бойынша филиалына 8 7212 60 44 83 нөмірі бойынша қоңырау шалу қажет. Сондай-ақ, Қордың fms.kz ресми сайтында сұрақ қоюға болады.

 

 



Мемлекет басшысы Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауы. 2018 жылғы 5 қазан
Қазақстан республикасы президентінің ресми сайты
Қазақстан 2050 Мәңгілік ел
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі
Пайдалы сілтемелер
Сайт картасы