жоғары
ресми ақпараттық
порталы
Қарағанды -4°C
«Ақпаратқа қол жеткізу туралы» ҚР Заңы cайттың ең маңызды бөлімдері
Виртуалдық қабылдау бөлмесі

Жаңалықтар

Назад
Әкімнің іс сапарлары
13 Тамыз 2019

Балқашта медицина қызметкерлері «Сіздің денсаулығыңыз – біздің қорғауымызда!» атты акция ұйымдастырды

Фото: karaganda-region.gov.kz

Балқаш қаласында 2 және 9 тамызда тұрғындарға міндетті медициналық сақтандыру жүйесі туралы айтылды. «Сіздің денсаулығыңыз - біздің қорғауымызда!» акциясы М. Хамзин атындағы мәдениет сарайының алаңында өтті. Балқаш тұрғындары тарапынан қойылған сұрақтарға қаланың барлық медициналық ұйымдарының өкілдері жауап берді.
Акция барысында қаланың 60 тұрғыны қандағы глюкоза мен холестерин деңгейін, қан қысымының деңгейін анықтау бойынша экспресс-диагностикадан өтті.
120 адам медициналық сақтандыру жүйесіне қатысты мәселелер бойынша кеңес алды.
Жұма күні 16 тамызда Балқаш қаласында «Денсаулық жолы» бағдарламасы аясында Ашық есік күні өтеді. Келушілерге қан айналымы жүйесі ауруларының алдын алу және міндетті медициналық сақтандыру туралы баяндалады. Ашық есік күні сағат 9.00-ден 12.00-ге дейін №1 емхананың № 3 отбасылық денсаулық орталығында өтеді. Қала тұрғындарын шараға қатысуға шақырады.
 



Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауы 2 қыркүйек 2019
Қазақстан республикасы президентінің ресми сайты
Қазақстан 2050 Мәңгілік ел
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі
Пайдалы сілтемелер
Сайт картасы