жоғары
ресми ақпараттық
порталы
Қарағанды 17°C
«Ақпаратқа қол жеткізу туралы» ҚР Заңы cайттың ең маңызды бөлімдері
Виртуалдық қабылдау бөлмесі

Жаңалықтар

Назад
Әкімнің іс сапарлары
13 Тамыз 2019

Қарағанды облысында бірінші сынып оқушылары оқулықтармен қамтамасыз етіледі

Фото: karaganda-region.gov.kz

Биылғы жылы Қарағанды облысында бірінші сынып оқушыларын оқулықтармен қамтамасыз етеді. Ал 4, 9 және 10 сынып оқушылары жаңартылған оқу құралдарын алады. Сонымен қатар, 1 және 4 сынып оқушыларына барлық пәндер бойынша жұмыс дәптерлері, 2 және 3 сынып оқушыларына ағылшын тілі мен өзін- өзі тану бойынша жұмыс дәптерлері беріледі. Пилоттық мектептердің оқушыларын информатика, химия, физика және биология пәндерінен екі тілде жазылған оқулықтармен қамтамасыз етеді. Түзету мектептерінің оқушыларына 2, 5 және 7 сыныптарға арналған оқулықтар беріледі. Бұл туралы Қарағанды облысының әкімдігінде өткен аппараттық жиналыста білім басқармасының басшысы Есенғазы Иманғалиев мәлім етті.
Оның айтуынша, қазіргі таңда кітаптар мен жұмыс дәптерлері аймаққа кесте бойынша жеткізілуде. Мектептер оқу құралдарының жалпы санының 23% алды.
Сондай-ақ, Есенғазы Иманғалиев облыста биылғы жылы 186 білім беру нысанына жөндеу жүргізілетінін айтты. Олардың ішінде 143 мектеп, 18 балабақша, алты интернат және үш колледж бар. 38 нысанда жұмыстар аяқталды. Қалған жөндеу жұмыстары 25 тамызға дейін аяқталуы тиіс.
Орталық жылу жүйесі жоқ мектептер 15-ші қыркүйекке дейін көмірмен толық қамтамасыз етілуі тиіс. Қазіргі күні қысқы көмір қоры 62,5 мың тоннаны құрайды, ол жалпы қажеттіліктің 56%-ы.
1 қыркүйек күні өңірде екі жаңа мектеп ашылады. Олардың бірі, 1200 орындық, Қарағанды қаласындағы Панель-орталық шағын ауданында орналасқан. Екінші, 600 оқушыға есептелген мектеп Теміртау қаласында салынған.
Қарағанды облысында барлығы 509 мектеп пен 540 мектепке дейінгі ұйым жұмыс істейді.
Биыл өңірде 25 мың бірінші сынып оқушылары партаға отырса, оның 812-і бес жастағы балалар.
 



Мемлекет басшысы Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауы. 2018 жылғы 5 қазан
Қазақстан республикасы президентінің ресми сайты
Қазақстан 2050 Мәңгілік ел
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі
Пайдалы сілтемелер
Сайт картасы