Қарағанды облысында көмір сату нүктелерінің интерактивті картасы өзектілендірілді

Қарағанды облысында көмір сату нүктелерінің интерактивті картасы жаңартылды. Картаның көмегімен пайдаланушылар жақын маңдағы көмір сату кәсіпорнын оңай анықтай алады, сондай-ақ отын құнын анықтауға болатын телефон нөмірлерін біле алады. Биыл қара отынның бағасы 8000 теңгеден 13500 теңгеге дейін болады.
Бұл ретте халықтың қатты отынға деген сұранысы алдын ала болжам бойынша 1.9 млн.тоннаны құрайды.
Биылғы жылы көмір сату бойынша 36 нүкте, оның ішінде 23 темір жол тұйығы мен 13 қойма жұмыс істейтін болады.
Қазір облыстың барлық разрездері қатты отынды тиеуге дайын кендерін мәлімдеді.
Естеріңізге сала кетейік, көмір нарығындағы дүрлігуден аулақ болу үшін Қарағанды облысында жағдай алдын ала бақылауға алынған болатын. Өңір тұрғындарына жылу беру маусымы басталғанға дейін, қазірден бастап отын қорын толықтырып алу ұсынылуда.