жоғары
ресми ақпараттық
порталы
Қарағанды 10°C
«Ақпаратқа қол жеткізу туралы» ҚР Заңы cайттың ең маңызды бөлімдері
Виртуалдық қабылдау бөлмесі

Жаңалықтар

Назад
Әкімнің іс сапарлары
12 Шілде 2019

Минск дәрігерлері делегациясы Қарағандыға келді

Фото: karaganda-region.gov.kz

Беларусь Республикасының денсаулық сақтау министрінің бірінші орынбасары бастаған Минсктен келген дәрігерлер делегациясы Қарағанды клиникалары мен ауруханаларына барды. Олардың сапарының мақсаты медицина саласындағы цифрландыру және жалпы практика дәрігерлерінің жұмысын ұйымдастыруда қазақстандық тәжірибені алу болды.
Беларусь делегациясы Қазақстанға төрт күнге келді. Олардың бірі, ДДҰ ұсынысы бойынша, қонақтар Қарағандыда өткізді.
- Қазақстан-Беларусь қарым-қатынастарының тарихында - бұл денсаулық сақтау ұйымына жасалған ең ұзақ сапар. Біздің алдымызда бірдей мәселелер тұр, біз оларды ұқсас әдістермен шешеміз, бірақ әркімнің өз әзірлемелері мен ноу-хаулары бар. Біздің көзқарасымыз бойынша, Қазақстан посткеңестік кеңістіктегі басқа елдердің алдында бір қадамға алдыда. Өз кезегінде Қарағанды облысы Қазақстанның басқа өңірлерінен бір қадам алға жылжуда. Бізге Қарағандыға баруды Алматыдағы кеңседен ДДҰ мамандары ұсынды, - деді БР Денсаулық сақтау министрінің бірінші орынбасары Дмитрий Пиневич.
Делегаттар Мақажанов атындағы травматологиялық орталықта, кардиологиялық орталықта, № 2 көпбейінді ауруханада, жағдаятты орталықтарда және № 3 емханада болды. Бұл жерде оларға келушілерге арналған көрсеткіштер жүйесі мен ақпараттық табло туралы айтып, баланың белсенді ұзақ өмір сүруі және даму орталықтарын көрсетті, педиатрия орталығына экскурсия өткізіп, әлеуметтік дәріханаларды құру тәжірибесімен бөлісті. Травматологиялық орталықта қонақтарға Қарағанды облысында қолданылатын хирургиядағы инновациялық әдістер туралы айтылды. Делегаттарды сондай-ақ инсульт, инфаркт және басқа да диагноздары бар пациенттер келіп түскен кезде жағдаятты орталықтардың жұмыс жүйесі мен олардың іс-қимылы алгоритмдері қызықтырды.
- Беларусь дәрігерлерінің трансплантологиядағы тәжірибесін алу үшін біздің кардиохирургтердің Минск қаласына сапары туралы алдын ала уағдаластығы бар. Біздің травматологтар жамбас буындарын эндопротездеу бойынша беларусь әдістемесіне қызығушылық танытты. Беларусьте өз өндірісінен шыққан эндопротездері бар, олар қазір біздің дәрігерлеріміз қолданатыннан әлдеқайда арзан, - деп хабарлады Денсаулық сақтау басқармасы басшысы орынбасарының міндетін атқарушы ГамальТоксамбаев.
Ол сондай-ақ, Минск дәрігерлері Қазақстанда және Қарағандыда денсаулық сақтау жүйесінің ұйымдастырылуын жоғары бағалады.

 



Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауы 2 қыркүйек 2019
Қазақстан республикасы президентінің ресми сайты
Қазақстан 2050 Мәңгілік ел
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі
Пайдалы сілтемелер
Сайт картасы