жоғары
ресми ақпараттық
порталы
Қарағанды -1°C
«Ақпаратқа қол жеткізу туралы» ҚР Заңы cайттың ең маңызды бөлімдері
Виртуалдық қабылдау бөлмесі

Жаңалықтар

Назад
Әкімнің іс сапарлары
10 Шілде 2019

Ерлан Кошанов Балхаштың жаңа әкімін ұсынды

Фото: karaganda-region.gov.kz

Балхаш әкімі болып Ораз Таурбеков тағайындалды. Алдында ол Қарағанды облысының Экономика басқармасын басқарған.

Александр Аглиулин Балхаш әкімінің лауазымынан берілген өтінішке байланысты өз еркімен босатылды.

Жаңа басшы өңір басшысы Ерлан Кошановтың Балқашқа жұмыс сапары уақытында депутаттар мен қала белсенділеріне таныстырылды.

- Жинаған тәжірибесі мен білімінің арқасында ол Мемлекет басшысымен қойылған міндеттерге сәйкес жұмысты ұйымдастыра алады, - деді облыс әкімі.

Ораз Кайсаевич Таурбеков 1968 жылы Қарағанды қаласында дүниеге келген. Үш жоғары білімі бар. Ленинский комсомол атындағы Жоғары әскери-теңіз су асты жүзу училищесін, ҚР Еңбек министрлігінің Біліктілікті арттыру институтын, Ресей Федерациясы Үкіметінің Қаржы академиясын бітірді.
Біліктілігі бойынша инженер - штурман, экономист-бухгалтер, қаржы менеджмент.
1994 жылдан 2003 жыл бойынша салық инспекторынан салық комитетінің төрағасына дейін жол салды.
1998 жылы Қарағанды қаласы бойынша салық комитетін басқарды.
ҚР Көлік, коммуникация және туризм министрлігінің «Казмортрансфлот» Ұлттық теңіз кеме компаниясы басқармасының төрағасы болды.
2001 жылдан 2002 жыл бойынша Павлодар облысы бойынша Салық комитеті төрағасының лауазымын атқарды.
2002 жылдан 2003 жыл бойынша Астана қ. Салық комитетін басқарды.
6 жылдан астам ірі коммерциялық құрылымдарда басқарушы лауазымдарды атқарды.
2011 жылы ҚР Қаржы министрлігінің Дәрменсіз борышкерлермен жұмыс комитеті Төрағасының орынбасары болды.
2013 жылдан 2017 жыл бойынша Қарағанды облысы бойынша тексеру комиссиясының мүшесі болып жұмыс істеді.
2017 жылдан бастап тағайындауға дейін облыстың Экономика басқармасын  басқарды.

 



Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауы 2 қыркүйек 2019
Қазақстан республикасы президентінің ресми сайты
Қазақстан 2050 Мәңгілік ел
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі
Пайдалы сілтемелер
Сайт картасы