жоғары
ресми ақпараттық
порталы
Қарағанды 22°C
«Ақпаратқа қол жеткізу туралы» ҚР Заңы cайттың ең маңызды бөлімдері
Виртуалдық қабылдау бөлмесі

Жаңалықтар

Назад
Әкімнің іс сапарлары
13 Маусым 2019

Қарағандыда Нүркен Әбдіров даңғылындағы жарық шамдар ауыстырылады

Фото: karaganda-region.gov.kz

Алдағы уақытта Нүркен Әбдіров даңғылындағы барлық шамдар ауыстырылады. Қазіргі таңда көше бойындағы жарық құралдарының пайдалану мерзімі аяқталды, дейді мамандар.
Жаңарту жұмыстарын Қарағанды қаласының «Мәдениет, демалыс саябақтары мен гүлзарлар басқармасы» КММ орындайтын болады. Бұған дейін көшелердегі жарықтандыру жүйесіне жеке фирмалар жауапты болатын, алайда осы жылдың басынан бұл міндеттер мемлекеттік ведомствоға берілді.
Өткен аптада саябақтар басқармасының қызметкерлері Нүркен Әбдіров даңғылында орналасқан «Кукуруза» дүкенінің маңындағы жарық шам бағанасын қалыпқа келтірген болатын. Оның темір негізі шіріп, қатты желдің салдарынан бағана қисайып қалған.
- Біз тұрақты түрде барлық шамдарды тексеріп отырамыз. Және де жөндеу қажет болған жағдайда оларды қалпына қелтіреміз. Ал кей кезде ақаулар туралы тұрғындар хабарлайды, - дейді кәсіпорынның инженер-энергетигі Ардақ Балғабай.
Саябақтар басқармасының қызметкерлері «Сүйінші» және «Айбын» стелаларына жарықтандыру құрылғыларын орнатқан. Барлығы кәсіпорынның меншігінде 90-нан астам нысандар бар.
 



Мемлекет басшысы Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауы. 2018 жылғы 5 қазан
Қазақстан республикасы президентінің ресми сайты
Қазақстан 2050 Мәңгілік ел
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі
Сайт картасы